Алматының мектеп оқушылары Сарань қаласындағы өздерінің құрбылары үшін көмек ретінде ақша сомасын жинауға көмектесті. Бес күн бойы Mega Alma-Ata 2 сауда-ойын-сауық орталығында «Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қоры» ҚҚ - Алматы халықаралық мектебі филиалдарының, «Мирас» халықаралық мектебінің және «Арыстан» Мамандандырылған лицейі оқушыларының суреттерін сату-көрмесі өткізілді. Балалар сатып алушыларға өздерінің 36 үздік жұмысын ұсынды. Олардың ішінде – портреттер, пейзаждар, натюрморттар бар, құны 3 -20 мың теңге аралығында болды. Бұл суреттерде көк шалғын, биік таулар, бөбекті құшағына басқан мифтік құс та бар.
Барлығы 275 000 теңге сомаға 23 сурет сатылды. Барлық жиналған қаражат «АЯЛА» қайырымдылық қорының «АРТ-ТЕРАПИЯ» жобасына жұмсалатын болады, оның міндеті Қарағанды облысының Сарань қ. мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған № 5 облыстық арнайы мектеп-интернатының изостудия кабинетін жарақтандыру болып табылады.
Мектепте ақыл-ойы кем, 5 – 18 жас аралығындағы 181 бала оқып жатқанын атап өткен жөн, олардың науқастануы көп жағдайда көңіл-күйінің бұзылуымен асқынады. Интернат тәрбиеленушілері өздеріндегі қарапайым білімін іс жүзінде әрең қолданады, сондықтан оларды оқыту үшін арнайы жабдықталған кластар және шеберханалар талап етіледі. Төртінші тоқсанның басында интернат изостудия бөлмесін ашуды жоспарлады. Өткізілген қайырымдылық көмегінің арқасында бөлме мольберттермен, сурет салуға арналған кенеппен, акварельге арналған қағазбен, сызу папкаларымен, тиін жүнінен жасалған бояу жаққыштармен, қарындаштармен, дайын жұмыстардың бетіне жағуға арналған түссіз лакпен, интерактивті тақтамен және басқа да көптеген жабдықпен жабдықталатын болады. Жобаның жалпы құны 388 190 теңгені құрады.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/2170-news-kz#sigFreeId1d84bdd31e