Лермонтов атындағы театрда Балаларды қорғау күнінің қарсаңында көңілді іс-шара өтуде. Бұл жерге түрлі мекемелерден келген түрлі жастағы балалар жиналды. Олардың барлығына актерлер бұл күні нағыз ертегіні сыйлады. «АЯЛА» қоры мерекеге Алматы қаласындағы №2 балалар үйінің және SOS балалар ауылының тәрбиеленушілерін шақырды. Балалар тамаша көңіл-күй көтерді. Әуелі актерлермен түрлі ойындар өтті: конкурстар ұйымдастырылып, жонглерлер өнерін көрсетті және спорттық сайыстар өтті. Қалауы бойынша «Асфальттағы ең үздік сурет» конкурсына қатысты. Әрбір бала өз қалауымен сүйікті театр кейіпкерімен әңгімелесуге мүмкіндік алды. Содан кейін барлығы «Василиса Прекрасная» спектаклін тамашалады. Барлық балалар бұл күні сыйға берілген қиял-ғажайып мерекеге риза болды!
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/2194-news-kz#sigFreeIdcc5f83d676