Бірлесе еңбек істеу біріктіреді! Сүйікті мультфильмнен алынған осы сөздер Samsung Electronics Central Eurasia компаниясының қызметкерлері Алматы облыстық тұрмысы төмен отбасылардың балаларына арналған № 15 мектеп-интернатының ауласында өткізген сенбілікке дәл сәйкес келеді. Компания қызметкерлері «АЯЛА» қайырымдылық қорымен бірлесіп балалар мекемелерінің аумақтарын бірінші рет абаттандырып жатқан жоқ. Бұл жылы да солай жасады.
Санаулы сағаттарда интернат алдындағы алаң мүлдем жаңа әдемі түрге ие болды. Балалар сатылары мен турниктері боялып, шөп шабылып, барлық алаң сыпырылып, қоқысы бар пакеттер жиналды, ал мектептің қасында гүлдер мен ағаштар отырғызылды. Олардың арасында – жөке ағаштары, аққайыңдар, арша, раушангүлдер, талдар, бөріқарақат және тағы басқалары бар. Сатып алынған өсімдіктер мен мүкәммалдың жалпы құны 483 400 теңгені құрады. Демеушісі Samsung Electronics компаниясы болды. Екі аптадан кейін бұл аула балалар күлкісіне кенеліп, сабақ басталады, және балалар өздері жақсы көретін спорттық ойын алаңының жаңа түрін міндетті түрде бағалайды.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/2282-news-kz#sigFreeId87fd7f917e
Барлық фотосүреттерді жүктеп_1
Барлық фотосүреттерді жүктеп_2