Күздің басында «АЯЛА» қайырымдылық қоры Теміртау қаласының кішкентай тұрғындарына сыйлық жасады. Сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған интернаттың тәрбиеленушілеріне заманауи логопедтік жабдық – қойылу және уқалау зондтарының жиынтықтары тапсырылды. Жалпы құны : 50 000 теңге.
Ақша қайырымдылық аукционында жиналды, ол қарағандылық суретші Виктор Аренттің Cosmonaut қонақүй кешеніндегі жұмыстарды сату көрмесінің шеңберінде өткізілді. Көмек «Ерекше балаларға – ерекше назар» жобасының шеңберінде көрсетілді. Бұл жоба нашар көретін, нашар еститін, сөйлеу қабілеті бұзылған, ақыл-ойы кем балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттарға көмек көрсетуді біріктіреді.
Теміртау қаласындағы мектеп-интернатта бүкіл Қарағанды облысынан сөйлеу қабілетінің бұзылуына байланысты күрделі диагноздар қойылған 170-ке жуық бала оқиды. Мамандардың айтуынша, жаңа жабдық балаларға логопедтік көмектің тиімділігін арттырады.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/2289-news-kz#sigFreeId9b12265247