Қазақстандықтар болашақта қандай ұшақпен ұшады? Бірнеше жылдан кейін әуе серіктері қандай тілдерді білуге тиіс болады? Тұрмысы төмен балаларға арналған № 15 Алматы облыстық мектеп-интернатының тәрбиеленушілері ұшу қауіпсіздігі, борттағы тамақтану, авиациядағы мамандықтар және басқа да көптеген жайттар туралы өздерінің эсселерінде жазды. Қатысушылар шығармаларында өздерін «Эйр Астана» әуекомпаниясының президенттері ретінде елестетіп көрді.
Жүлделі орындарды Райымбек, Ұлжалғас және Жәнібек өзара бөлісті. Балалар өздерінің жұмыстарында Қазақстандағы авиация болашағын қалай елестететіні туралы жазды. Мысалы, ұшақтарда олар үй атмосферасын жасауды, бортта душ кабиналарын орнатуды ұсынады. Жолаушылар арасында болашақ мамандар сайыстар өткізуге, ал жеңімпаздарға рейстерге жеңілдік беру түрінде сыйлықтар беруге ниетті. Тағы бір ұсыныс – әуекомпания футбол клубының демеушісі бола алады. «Эйр Астана» компаниясы балаларға сыйлықтар ретінде планшет, футбол доптарын, құлаққаптарды, косметика жиынтықтарын тапсырғанын атап өткен жөн. Балалар меймандарға мерекелік номерлер – бимен, әнмен және өлеңмен алғыстарын білдірді. Барлығы шығармашылық сайысқа 11 – 15 жас аралығындағы 15 тәрбиеленуші қатысты.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/2294-news-kz#sigFreeIdc66f5d8196