Болашақ Пикассо мен Рембрандтар бояу жаққыш, шебер қолдар және шығармашылыққа құштарлықты көрсету үшін бір шағын аудиторияға жиналды. Көркемдік шығармашылық сабағы Алматы қаласының сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған № 9 мектеп-интернатында табысты өтті. Samsung Electronics Central Eurasia компаниясының және «АЯЛА» қоры қызметкерлерінің жіті қадағалауымен балалар тамаша 3 сурет салды.
Жас суретшілер Қазақстандағы табиғат көріністерін жан-жақты көрсетті. Шығармашылық барысында олар ісіне берілгені соншалық, уақыт туралы ұмытып та кетті. Екі сағат бір секундта өтіп кетті. Сөйтіп, үш теңдессіз сурет іс-шараға қатысушылардың назарына ұсынылды. Теңіз, күн, сұлулық және шексіздік тақырыбы. Сабаққа қатысушылардың айтуынша, болашақта олар шын мәнінде суретші болғысы және өз жұмыстарын әлемге әйгілі мұражайларда көрмеге шығарғысы келеді. Сабақ аяқталғаннан кейін Samsung компаниясы балаларды тәтті пиццамен тамақтандырды.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/2304-news-kz#sigFreeId7121d2a7fe