Бүгінгі жәрмеңкеде адам лық толы. Келушілер кәдесыйларды мұқият қарап, бағасын сұрауда және бірде-бір адам бір зат сатып алмай кеткен жоқ. Сөреде – ең ерке клиенттің тәбетін қанағаттандыратын түрлі өнім бар. Барлық бұйымдар – құлағы нашар еститін балаларға арналған № 1, Н. Островский атындағы зағип және көзі нашар көретін балаларға арналған № 4, сөз сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған № 9, ақыл-ойы кем балаларға арналған № 6 және №7 бес мектеп-интернаты тәрбиеленушілерінің ауқымды және тынымсыз жұмысының нәтижесі. Дәстүр бойынша жәрмеңкеге Қазақстан Қолөнершілері Одағының, қоғамдық және жеке қорлардың өкілдері қатысты.
Өткен жылдағыдай сыйлықтар алуан түрлі болды – тасбақа түріндегі жастықтар, бисерден жасалған құмыралар, үйге бақыт, сәттілік пен махаббат әкелетін ғажайып ақша жинайтын қорапшалар және көптеген басқа да заттар. Жәрмеңке қорытындысы бойынша 448 500 теңге жиналды. Сатудан түскен барлық қаражат кішкентай шеберлер үшін шығыс материалдарын сатып алуға жұмсалады, бұл оларға қосымша ынталандыру болады. Іс-шараны «Шеврон» компаниясы және «АЯЛА» қоры ұйымдастырды. Saks Fifth Avenue басшылығы мен ұжымы үй-жайды жаңа жылдық инсталляциямен безендіре отырып, ұйымдастырушыларға жаңа жылдық көңіл-күй көтеруге көмектесті. Балалар, ұстаздар және сатып алушылар үшін мұндай жәрмеңке – әрбір адамға жағымды көңіл-күй сыйлайтын шағын мереке.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/2349-news-kz#sigFreeIdb2247bed99