Мейірімді Сиқыршы ақыл-ойы кем балаларға арналған № 7 арнайы (түзету) мектеп-интернатының тәрбиеленушілеріне тамаша жұмсақ ойыншықтар және өте қызықты «Дартсы» ойынын алып келді. Аяз Ата рөлінде Анвар Иркенович Кувандыков болды. 150 бала, оның ішінде – 5 – 9 сынып оқушылары жақсы көңіл-күймен тамаша әсер алды. Көптен күткен сыйлықтарын балалар Жаңа жылдың алдындағы іс-шара барысында алды.
Сонымен бірге, «Алматы қ. Психоневрологиялық ауруы бар мүгедек балаларға арналған күндізгі болу орталығының» тәрбиеленушілері Жаңа жыл мерекесін Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында атап өтті. Олар спектакль қарады. Ал мерекелік бағдарламаның соңында балалар «АЯЛА» қорынан тәттілер алды. 70 жаңа жылдық сыйлықтың жалпы құны: 77 000 теңге. Біздің қамқорлығымыздағы балалар жылдың ең басты мерекесін атап өтуде, Сіздер де бізге қосылыңыздар.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/2354-news-kz#sigFreeId95578b558b