Сарань қаласындағы ақыл-ойы кем балаларға арналған интернатта Ұстаздар күні изостудияның ашылуымен атап өтілді. Бұл оқиға мамырда өткен, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Гүлдене бер, Қазақстаным» атты шығармашылық жұмыстардың қайырымдылық сату-көрмесінің арқасында мүмкін болды.
«Нұрсұлтан Назарбаевтың Білім беру қоры» ҚҚ филиалдарының – Алматы Халықаралық мектебінің, Алматыдағы «Мирас» халықаралық мектебінің және Арыстан» мамандандырылған лицейінің, сондай-ақ астаналық «Мирас» халықаралық мектебінің және «Мирас» балабақшасының оқушылары өздерінің 116 үздік жұмысын ұсынды, оларды Mega Alma-Ata 2 және «Керуен» ОСО-да сатып алуға жағдай жасалды. Нәтижесінде, немқұрайлы емес азаматтардың және өнерді бағалайтын адамдардың арқасында 501 000 теңге жиналды. Бұл қаражат «АЯЛА» қайырымдылық қорының «АRT-ТЕРАПИЯ» жобасына бағытталды, оның міндеті Қарағанды облысының Сарань қаласындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған № 5 облыстық арнайы мектеп-интернатының изостудия бөлмесін жабдықтау болып табылады.
Қазіргі уақытта мектепте көп жағдайда көңіл-күйге қатысты ауытқушылықтармен асқынатын, 5 – 18 жас аралығындағы 181 бала оқиды. Интернаттың тәрбиеленушілері іс жүзінде қарапайым білімнің өзін әрең қолданады, сондықтан оларды оқыту үшін арнайы жабдықталған сыныптар және шығармашылық шеберханалар талап етіледі. Қайырымдылық көрмесінің арқасында бөлме заманауи интерактивті тақтамен, мольберттермен, сурет салуға арналған кенептермен, бояулармен, бояу жаққыштармен және басқа да көптеген құралдармен жабдықталды. Жобаның жалпы құны 857 389 теңгені құрады.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/2362-news-kz#sigFreeId05c79d303b