Алматы қаласындағы № 10 мектеп-интернатының 29 бірінші сынып оқушысы үшін бұл сабақ әдеттегідей басталған жоқ. Балаларға интерактивті тақтаны сыйға тартты. Жомарт сыйға берушілер рөлінде – Oriflame компаниясы және «АЯЛА» қоры. Тақтаны қазақ тілінде оқытатын бастауыш сыныптар бөлмесінде орнатты. Дәл осы күні ашық сабақ өткізіліп, сыйлықтың барлық мүмкіндіктері көрсетілді. Сабақ аяқталғаннан кейін балаларға косметика жиынтығынан берілді. Барлығы «Заманауи технологиялар – балаларға» атты жобасына 712 695 теңге жұмсалды.
Oriflame компаниясының жыл сайын «АЯЛА» қорының бастамаларына қолдау көрсететінін атап өткен жөн. Атап айтқанда, біздің әріптестеріміз интернаттардағы шеберханаларға арналған жабдықты сатып алуды қаржыландырады. Интерактивті тақталарды алғаш рет орнатып жатқан жоқ. Өткен жылы тақта тұрмысы төмен балаларға арналған № 10 мектеп-интернатында орнатылды.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/2466-news-kz#sigFreeIda1c174bf09