Осы көктем игі істерден басталды. Ондаған алматылықтар «Мейірім шуағы» атты жәрмеңкеге барып, онда өздерінің жақындарына эксклюзивтік сыйлықтарды сатып алуға мүмкіндік алды! Бірегей жұмыстардың авторлары – балалар. Олар – № 1 облыстық балалар үйінің, зағип және көзі нашар көретін балаларға арналған № 4 интернатының және ақыл-ойы кем балаларға арналған № 6 интернатының тәрбиеленушілері. Сонымен қатар, жәрмеңкеге Қазақстанның қолөнершілер одағының шеберлері, сондай-ақ «Балбұлақ - Родник», «Жеті-Ағаш» қоғамдық қорлары және т.б. қатысты. Жұмыстарды 5 -7 мың теңге шегінде сатып алуға болады. Сатып алушының кез келген талғамына орай зергерлік бұйымдар, заманауи картиналар, ойыншықтар және басқасы ұсынылды.
Іс-шараның ұйымдастырушылары Estate Management Company жән «АЯЛА» қайырымдылық қоры болды. Қор үшін бұл осындай сипаттағы алғашқы іс-шара емес екендігін атап өткен жөн. Әдетте біз балалар шығармашылығының жәрмеңкелерін Жаңа жыл қарсаңында өткіземіз. Көктемгі сатылымның қорытындысы – 198 400 теңге. Бұл қаражатқа қатысушы мекемелер үшін шығыс материалдары сатып алынады.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/2469-news-kz#sigFreeIdb0d08700e3