Сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған № 9 арнайы (түзету) мектеп-интернатының тәрбиеленушілері бұл кездесуге алдын ала, үлкен тебіреніспен және қуанышпен дайындалды. Оларға бүгін алғаш рет Ресей Халық әртісі Дмитрий Маликов келді! Балалар музыкантты ду қол шапалақпен қарсылап алды. Танысу мектеп командасы Ресейлік әнші үшін арнайы дайындаған биден басталды. Одан кейін Дмитрий кішкентай алматылықтармен құлшына әңгімелесті. Оларды қандай мәселелер толғандыратыны, не туралы ойлап, армандайтыны туралы сұрастырып білді. Өзінің болашаққа арналған жоспарларымен де бөлісті. Әртіске қойылған сұрақтар да әртүрлі болды: қай аспапта ойнайды, оның ең жақын досы кім, балалар үшін шеберлік класын жүргізгісі келе ме, Қазақстанда оған не үлкен әсер етті, Маликовтердің отбасында қанша адам бар, әйгілі болған өзіне ұнай ма және тағы да басқа көптеген сұрақтар қойылды. Сонымен бірге балалар «Ойынды бұрып жіберу» спектаклінен кейін өз әсерлерімен бөлісті. Спектакльдің Қазақстандағы премьерасы осы кездесудің қарсаңында Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында өтті. Іс-шараның ұйымдастырушылары – «АЯЛА» және Halyk қайырымдылық қорлары.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/2511-news-kz#sigFreeIda2e6153899