Бұл спектакль басынан бастап шиеленіс туғызды. Ресейдің ірі қалаларында, енді Қазақстанда да естен кетпес табыс! Ойынды бұрып жіберейік! Өзінің театр кейіпкері арқылы Дмитрий Маликов Қазақстан көрермендеріне дәл осылай үндеу тастады. Ал көрермендер оған қолдау көрсетті. Жарқын қойылым, өзіне-өзі сенімді актерлер, оқиғаның күтпеген желісі мен нәтижесі, және әрине, толық аншлаг.
«Ойынды бұрып жіберу» спектаклі «АЯЛА» қайырымдылық қорының 10 жылдығына арналды. Оны тұрмысы төмен жанұялардың және балалар үйлерінің 350 баласы тамашалады. Қойылымнан кейін балалар көңіл-күйлерін жасырған жоқ – оларға Дмитрий Маликовтың, Виктория Белякованың, Глеб Подгородинскийдің, Сергей Мухиннің және басқа да әртістердің ойыны қатты әсер етті. Идеялық шабыт беруші, әрі автор Дмитрий Маликов айтқандай, «Ойынды бұрып жіберу» сценарийінде қызықты айғақтар мен тағдырлар, тарихи дәуірлер мен түрлі музыкалық бағыттар тоғысқан. Нәтижесінде қойылым тек тарих пен музыка туралы болған жоқ. Онда махаббат, өзара қарым-қатынастар тақырыбы, және әрине, әке мен бала мәселесі қозғалады.
Алматыда спектакль 24 және 25 сәуірде Абай атындағы МАОБТ-да, ал Астанада 27 және 28 сәуірде Қазмедиа орталығының киноконцерт залында өтті. Іс-шаралардың ұйымдастырушылары – Halyk және «АЯЛА» қайырымдылық қорлары. Бұдан басқа, бізге Art Visit компаниясы, «Эйр Астана» әуекомпаниясы, Rixos Almaty, Rixos President Astana,Worldhotel Saltanat Almaty, Monaco апарт-отелі, Ретро FM радиостанциясы және L'Officiel Hommes Kazakhstan журналы қолдау көрсетті.
Алматыда, қойылым басталмас бұрын Дмитрий Маликов, «АЯЛА» қайырымдылық қорының президенті Айдан Сүлейменова және Қазақстан Халық банкінің басқарма төрағасы Үміт Шаяхметова баспасөз конференциясында сөз сөйлеп, онда алдағы спектакль туралы журналистерге жан-жақты әңгімелеп бергенін атап өтеміз.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/2512-news-kz#sigFreeId373b3975b5