Бүкіл жаз бойы Viled Style Astana-да науқан өткізілді – HAYALI special for VILED Style футболкаларының эксклюзивтік капсулдық жиынтығы VILED Style және KIDS Style бутиктерінде сатылды. Сатудан түскен ақша Теміртау қ. сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты үшін заманауи білім беру жабдығын сатып алуға бағытталды. Интернаттағы алғашқы интерактивті тақта ұстаздарға білім беру процесін жетілдіруге мүмкіндік берді. Түрлі ауруы бар балаларға көрнекі оқу құралдары аса маңызды. Осындай құралдардың бірі компьютерлік интерактивті тақта болып табылады.
«АЯЛА» қорының балалар медицинасына және білім беруге заманауи әдістемелерді ендіруде бай тәжірибесі бар. Біз Vilеd Group компаниясына арнайы түзету интернаттарында оқитын балалардың білім беру процесін арттыруға бағытталған жобаларға немқұрайлы қарамағаны және үнемі назар аударғаны үшін алғыс білдіреміз.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/2649-news-kz#sigFreeId549551abb2