Алматы қаласындағы Н. Островский атындағы зағип және көзі наша көретін балаларға арналған № 4 мектеп-интернатында әлеуметтік-тұрмыстық бағдар бөлмесі ашылды. Ол бөлме тамақ істеуді, үстелге ыдыстар қоюды, пәтерді және атап айтқанда ас үйді жинастыруды, сондай-ақ заманауи тұрмыстық техниканы қолдана білуді үйренуге арналған.
Алғашқы тағамды және тортты балалар «Хабар» телеарнасындағы «Магия кухни» бағдарламасының жүргізушісі – әйгілі шеф-аспаз Роман Дубницкийдің басшылығымен дайындады. Ол балалар үшін шеберлік сабағын өткізіп, тағамда қандай ингредиентті қосуға болатынын, қайсысының артық екендігін айтып берді. Балалар азық-түлік өнімдерін таңдауды, оларды дұрыс турауды үйренді. Сондай-ақ тұздықты қалай жасайтынын білді.
ӘТБ бөлмесіне арналған барлық жабдық, оның ішінде ас үй жиһазы, ыдыс-аяқ, ас үй құралдары, дастархан, майлықтар, орамалдар және ас үйде тамақ істеу үшін қажетті басқа да заттар «АЯЛА+SAMSUNG» жобасының шеңберінде сатып алынғанын атап өтеміз. Бұдан басқа, Samsung Electronics компаниясы интернатқа тұрмыстық техниканың толық жиынтығын тапсырды.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/2683-news-kz#sigFreeId4ad18ea0d5