Күзгі мектеп демалысы кезінде «АЯЛА» қайырымдылық қоры 80 бала үшін «Қазмедиа Орталығы» және Атом энергиясы жөніндегі ақпарат орталығына танымдық экскурсия ұйымдастырды. Астана қ. Арнайы түзету мектеп-интернатының, Астана қ. және Ақмола облысының Ақкөл қаласының тәрбиеленушілері өте қызықты мағлұмат алды.
Атом энергиясы жөніндегі ақпарат орталығында балалар арнайы цифрлық құрылғының көмегімен өздерінің радиоактивті аясын өлшеді. Одан кейін балалар үшін интерактивті викторина және атом энергиясының инновациялар әлеміне виртуалды экскурсия ұйымдастырылды. Орталықтың кинозалындағы мультимедиялық 3D-бағдарлама қызықты болғаны соншалық, балалар күні бойы ойнауға дайын болды. Орталық оларға екі есе қуаныш сыйлады – ойынның соңында жеңімпаздарға жүлделер тапсырылды!
«Қазмедиа Орталығында» балалар барынша зейінді болды. Ауқымды кеңістікте орналасқан дыбыс жазу студияларына, түрлі ток-шоу студияларына, жаңалықтар және ойын-сауық бағдарламаларына саяхат (барлығы 14) балаларға таңғажайып әсер сыйлады – олар өздерін экранның басты кейіпкерлері ретінде сезінді. Экскурсия жүргізушілер TV кадрдан тыс қалатын кәсіптер туралы айтып берді. Балаларды әсіресе телевизиялық өнімді жасау процесі қызықтырды: түсірілім, дыбыс жазу, монтаж, грим, эфирге шығу.
«АЯЛА» қайырымдылық қоры «Қазмедиа Орталығының» және Атом энергиясы жөніндегі ақпарат орталығының басшылығына қызықты және танымдық экскурсияларды ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіреді. «Итальяно» кафесіне және «Керуен» СОО-ға Ақмола облысының Ақкөл қаласындағы № 1 Балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін тамақтануды ұйымдастырғаны үшін алғыс айтамыз.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/2706-news-kz#sigFreeId606ca4ace2