Астана қ. Арнайы түзету мектеп-интернатының тәрбиеленушілері Қазақстанның олимпиадаға қатысушы спортшыларымен бірге Пхенчхан қаласындағы (Оңтүстік Корея) XXIII қысқы Олимпиада ойындарына дейін 100 күндік кері санауды бастады. Дәстүрлі рәсім «Алау» мұз сарайында өтті.
Балалар ата-аналарымен бірге коньки теуіп, Бахтияр Артаев, Данияр Елеусінов, Денис Кузин, Василий Левит, Гузель Манюрова, Елдос Сметов және Арман Чилманов сияқты спорттың жазғы түрлері бойынша отандық спортшылар-олимпиада қатысушыларымен қолтаңба- және фотосессияларға қатысты.
Іс-шараны ұйымдастырушы – Қазақстанның Ұлттық Олимпиада Комитеті – қызықты интерактивті бағдарлама әзірледі. Қатысушыларға Данияр Елеусінов пен Василий Левиттің хоккей ойыны ұнады, олар үшін боксшы қолғабы хоккей таяғынан гөрі үйреншікті. Кері санау рәсіміне сондай-ақ Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті өкілі Ким Дэсик қатысты.
Ересек адамдар мен балалар түрлі сайыстарға қатысып, Қазақстанның құрамасына алдағы қысқы ойындарда сәттілік тіледі.
Пхенчхандағы Олимпиада ойындары 9 – 25 ақпан аралығында өтеді. «АЯЛА» қайырымдылық қоры Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитетіне Астана қ. Арнайы түзету мектебінің тәрбиеленушілері үшін конькимен жаппай сырғанауды ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіреді.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/2707-news-kz#sigFreeIda674cca25e