Есік қаласындағы көзі нашар көретін балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттың 1 – 4 сынып аралығындағы 76 оқушысы өздерінің көптен күткен сыйлықтарын алды. Балалардың Аяз Атаға арналған хаттарында сипатталған тілектерді орындауға Qazkom банкінің және Халық банкінің қызметкерлері көмектесті. Олар балаларға басқару пульті бар машинкалар, футбол формасын және доптарды, косметика жиынтықтарын, ұялы телефондар, рюкзактар, бас киім, бөкебайлар және қолғаптар, сөйлейтін қуыршақтар мен конструкторлар сатып алды. Samsung Electronics компаниясы интернаттың балаларына дәстүрлі кәмпит сыйлықтарын сыйға тартты. Өз кезегінде, «АЯЛА» қайырымдылық қоры бастауыш сыныптардың оқушыларына арнап сайқымазақтардың, жаттыққан иттердің, шығыс аруының және үлкен жыланның қатысуымен цирк бағдарламасын ұйымдастырды. Балалар қол ұстасып билеп, ән айтты және мерекеден үлкен ләззат алды!
Іс-шараның бюджеті 546 450 теңге болды. «АЯЛА» қоры біздің демеушілерімізге және алматылықтарға мерекені ұйымдастыруға көмек көрсеткені үшін алғыс айтады!
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/2771-news-kz#sigFreeIde2fcd3fc0f