Астана қ. арнайы түзету мектеп-интернатының 140 оқушысы Жаңа жылды «Керуен» СОО-да атап өтті. 3,5 сағатқа созылған көңілді іс-шара Happylon ойын-сауық орталығында басталды, онда балаларды сүйікті фильмдердің кейіпкерлері және әрине, Аяз ата мен Қарша қыз қарсы алып, сыйлықтармен қуантты. Сонымен бірге сыйлықтар әрқайсысында бөлек болды – әрбір бала «АЯЛА» қайырымдылық қорының «Аяз Атаға хат» жобасының шеңберінде өзінің тілегін алдын ала жазды.
Балалардың тілектерін жинақтай отырып, өсіп келе жатқан ұрпақтың дамуды жақсы көретінін, үлкен қызығушылықпен әлемді зерделейтінін, спортқа, өнерге, музыкаға және тағы басқа көптеген нәрселерге қызығушылық танытатынын атап өтуге болады. Ойын-сауық бағдарламасынан кейін балалар Kinopark 7 IMAX кинотеатрында «Фердинанд» анимациялық комедиясын тамашалады.
Ата-аналар мен балалар Астанадағы бас демеуші – «Балет пен ұлттық биді дамыту қоры» жеке қорына алғыс айтты, ол қор жалпы сомасы 655 312 теңгеге 75 сыйлық сатып алды. Қалған 65 сыйлықты сатып алуға арналған ақшалай қаражат «Керуен» СОО, Starbucks «Хан шатыр», Marriott Astana, World Class фитнес-клубы, «Керуен city» СОО-дағы Cod de Vie бутигі сияқты демеушілердің қолдауы арқасында жиналды, ол жерлерде балалардың хаттары ілінді. Мерекенің бюджеті 1 520 373 теңгені құрады.
«АЯЛА» қайырымдылық қоры «Аяз Атаға хат» жобасына қатысып, Жаңа жылда балалардың тілектерін орындаған барлық демеушілерге, астана тұрғындары мен қонақтарына алғыс білдіреді.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/2780-news-kz#sigFreeId1b2ae79847