Аяз Атаға арналған 173 хатты біз ақыл-ойы кем балаларға арналған Алматы қ. арнайы (түзету) мектеп-интернатының 1 – 4 сыныптарының тәрбиеленушілерінен алдық. Бұл хаттар Samsung Electronics компаниясының офисінде жаңа жылдық шыршаны безендірді. Шана, коньки, роликтер, басқару пульті бар машинкалар, сөйлейтін қуыршақтар, конструкторлар, жұмсақ ойыншықтар, спорт костюмдері, рюкзактар мен сөмкелер, смартфондар, шахматтар, доптар, косметикалық жиынтықтар және суретші жиынтықтары – балалардың мейірімді сиқыршыдан сұраған негізгі сыйлықтары. Samsung компаниясының қызметкерлері балалардың тілектерін орындауға көмектесті. Хаттарды оқығаннан кейін кейбіреулер сыйлықты өздері сатып алды, кейбіреулер шыршаның қасында орнатылған боксқа сыйлықты сатып алуға қажетті ақша сомасын салды.
Сыйлықтар тапсырылған күн кішкентай оқушылар үшін ұмытылмас оқиға болды. Оларға Мұрат Мұтырғанов труппасының «Жаңа жылдық майнкрафт» шоуымен кәдімгі әртістер қонаққа келді. Акробаттар, сиқыршылар, жонглерлер, сайқымазақтар, жаттыққан жануарлар балаларға ертегідей әсер қалдырды. Аяз Ата мен Қарша қыз шығып, балаларға олар армандаған сыйлықтарын тапсырған кезде балалар ғажайыпқа әбден сенді. Жобаның бюджеті 1 596 760 теңгені құрады.
Samsung Electronics Central Eurasia компаниясының басшылығына және қызметкерлеріне біздің қорымыздың «Аяз Атаға хат» мейірімді жаңа жылдық жобасына жыл сайын қатысқаны үшін алғыс айтамыз. Осындай жобалар біздерге еліміздегі қайырымдылық мәдениеті мен дәстүрін тәрбиелеуде көмектеседі. Игі істерді бірге жасайық!
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/2782-news-kz#sigFreeId4ee27c8eb4