Сабын көбіктері шоуы мен тәтті тағамдар халықаралық айналаға тосыннан мейірімдік таныту күнін №2 қоғамдық қызмет корсету орталығының тәрбиеленушілері үшін нағыз мейрамға айналдырды.
«АЯЛА» қайырымдық қорына бүлдіршіндерге мерекелік көңіл-күй ұйымдастыруға отбасылық дәмхана мен аспазхана «Андерсон» аниматорлары көмектесті. Олардың сабынсу көбіктерімен жасаған фокустарын балалар қызығып, таңғала тамашалады. Ал шоудан соң орталық тәрбиенушілерін Mamma Mia және Ciao Pizza жүйесінен дәмді пиццалар, тәттілер мен шырындар күтті тұрды.
Бүгінде бұл орталықта әр түрлі паталогиялары бар, тірек-қимыл жүйесі нашар жұмыс істейтін 150 бала тәрбиеленіп жатыр. Олардың 70 пайызынан ата-аналары бас тартқан.
Халықаралық айналаға тосыннан мейірімдік таныту күні халықаралық қайырымдық қорларының бастамасы бойынша ол жыл сайын ақпанның 17-сінде атап өтіледі. Еуропа елдері мен АҚШ-та осы күні түрлі қайырымдық акциялар мен танымал тұлғалардың қатысуымен іс-шаралар ұйымдастырылады. Ал мейрамның мақсаты – осы күні өзгелерге шексіз һәм риясыз мейірімді болу.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/2796-news-rus#sigFreeId020e66aee9