«АЯЛА» қайырымдық қорының «Ерекше балаларға ерекше назар» жоба аясында Алматы облыстық ақыл-ойы бұзылған балаларға арналған мектеп-интернатында әлеуметтік және тұрмыстық бағдарлау (ӘТБ) бөлмесі мен тігін шеберханасы қажетті құрал-жабдықтармен толықтырылады.
Әлеуметтік және тұрмыстық бағдарлау (ӘТБ) бөлмесінде мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілері ас дайындауды, үстелге қызмет көрсетуге, пәтерде және ас үйде тәртіпті реттеуге үйренеді, заманауи тұрмыстық техниканы пайдаланады. Ол тек болашақта балалар өсіп, интернаттан кеткенде ғана емес, мейрамдарда да пайдалы болады. Өйткені өз қолымен пісірген тағамдар дәмдірек болып көрінеді.
онымен қатар, интернаттағы қыздарға арналған тігін шеберханасына керекті заманауи тігін машиналары мен тағы да бесқа қажетті заттар сатып алынды.
Аталған заттарды таңдап, сатып алып, орнатқан «АЯЛА» қайырымдық қоры. Ал керекті соманы – 1 000 000 теңге бөлген Oriflame компаниясы.
Айта кетсек, бұл - қор мен Oriflame-нің бірігіп іске асырған алғашқы жобасы емес. Жыл сайын косметика өндіруші қайрымдыққа қаражат бөліп тұрады. Өткен жылдары компанияның бөлген ақшасына Алматы облысының №1 балалар үйі мен сөйлеу қабілеті нашар балаларға арналған мектеп-интернатында ӘТБ бөлмесіне керекті техникамен басқа да заттар сатып алынған.
Сонымен қатар, девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымында тігін шеберхана мен шаштараз кабинеті қажетті құралдармен және жиһаздармен жабдықталды. Ал ос жылы компания өз назарын Есік қаласындағы Алматы облыстық ақыл-ойы бұзылған балаларға арналған мектеп-интернатына аударды.
«Балаларды өзін-өзі тану дағдыларына үйрету интернат тәрбиеленушілерін одан әрі қоғамда әлеуметтендіруде өте маңызды» – АЯЛА қайырымдылық қорының президенті Айдан Сүлейменова.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/2846-news-kz#sigFreeId05def68f7e