Арқан тарту, авиациялық шоу және тәтті көже кәдімгі сенбі күнін ауқымды көктемгі мерекеге айналдырды. Биыл «АЯЛА» қайырымдылық қоры және Samsung Electronics Central Eurasia компаниясы Наурыздың дәстүрлі мерекесін Arman Dala балалар лагерінде ұйымдастырды. Онда Қаскелең және Есік қалаларындағы ақыл-ойы кем балаларға арналған интернаттардың 170 тәрбиеленушісі шақырылды.
Мереке бағдарламасында балалардың монеталар соғу, білезіктерді нақыштау, киіз және қыш-құмыра жұмысы, сондай-ақ ағашта күйдіріп сурет салу бойынша шеберлік сабақтарына қатысуы көзделді. Ұлдар асық және тиын салу сияқты ойындарда өздерінің шеберлігін көтеріңкі көңіл-күймен көрсетті.
Бұл күні интернаттардың тәрбиеленушілері ұлттық ителгі аңшылық туралы мағлұмат алды, жыртқыш құстарды басынан сипады, нағыз батырлармен сөйлесіп, балуандардың күресін тамашалады.
Балаларға әсіресе «Аңырақай» тамаша шоуы үлкен әсер етті. Дабыл соғылғаннан кейін алаңның ортасына шырақ ұстаған 8 жауынгер шығып, Аңырақай шайқасы кезінде жоңғар жауынгерлері мен қазақ хандығының жауынгерлері қалай шайқасқанын көрсетті. Сахнадағы қойылым сол кездегі тарихи оқиғалар туралы баяндаумен қатар орын алды. Қойылымға актерлер мен каскадерлер қатысты. Дәстүрлі ойын-сауық түрлерінен басқа балалар авиациялық шоуды көрді.
Samsung Electronics Central Eurasia компаниясы мен «АЯЛА» қайырымдылық қорының төрт жыл бойы ынтымақтаса жұмыс істеп жатқанын еске саламыз. Бұл уақыт ішінде балаларға арналған көптеген алуан түрлі мерекелік іс-шаралар өткізіліп, көптеген жобалар іске асырылды.
«Біз бірнеше жыл бойы балаларға арналған түрлі іс-шаралардың әріптесі болып жүрміз және балаларға осы іс-шаралардың шынайы қуаныш сыйлайтынын сезіну керемет. Бүгін, сәл кештеу болса да, біз барлығымыз Наурыз мерекесін атап өттік. Балалар көп қызықты жаңалықтар білді, сондай-ақ барлық іс-шараларға қатысуға мүмкіндік алды.
Samsung компаниясы, электроника нарығындағы ірі ойыншы ретінде қоғамымыздың белсенді әлеуметтік-жауапты мүшесі бола отырып, көптеген әлеуметтік және қайырымдылық жобаларын өткізеді. Біз алдағы уақытта да осындай іс-шараларды өткізуді жоспарлап отырмыз», - деді Samsung Electronics Central Eurasia компаниясының жұртшылықпен байланыс және корпоративтік-әлеуметтік жауапкершілік жөніндегі менеджері Берік Омаров.
Өз кезегінде, «АЯЛА» қайырымдылық қорының президенті Айдан Сүлейменова: «Samsung Electronics Central Eurasia компаниясы – біздің қорымыздың байырғы және сенімді әріптесі. Ынтымақтастығымыздың жан-жақты екендігі бізді қуантады. Бұл – жобаларға қаржылық қолдау көрсету, нысаналы қайырымдылық, еріктілердің бастамалары, жасөспірімдерге арналған кәсіби бағыттағы бағдарламалар. Samsung компаниясының қайырымдылық саласындағы қызметі – Қазақстанда жұмыс істейтін барлық бизнесмендер үшін тамаша үлгі екендігіне сенімдіміз. Бұл – бей-жай қарамаушылық пен жауапкершіліктің үлгісі», - деп атап өтті.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/2851-news-kz#sigFreeId8127912907