Алматы қаласының мемлекеттік мекемелеріне медициналық, оңалту және іс-қылықтарды дамытуға қажет құрал-жабдықтарды сатып алынды.
«АЯЛА» қайырымдық қорының «Бақыланатын гипотермия» жоба аясында гипотермия аппараты және электроэнцефалограф (ЭЭГ мониторинг) алынған. Оны қолданылу орталық дәрігерлеріне көптеген нәресте өмірін сақтап қалуға көмектеседі. Өйткені аппарат көмегімен терпевтік гипотермияның екі саласында өткізуге болады: науқастың денеқызымын алдын ала белгіленген 32-34°С-қа дейін суыту және жылыту. Гипотермия аппаратын қолдануы нәрестелердің ауру-сырқаулары мен өлім-жітіміндік көрсеткішін төмендетіп, неонатология кезеңіндегі патологиялық жағдайлардың 47% пайызына тіркелетін гипоксиялық-ишемиялық энцефалопатия (ГИЭ) көрсеткішін төмендетуге көмектеседі. Айта кетсек, өткір перинатальды асфиксия нәтижесінде нәрестеде пайда болған ГИЭ-нің 20% өлімге апаруы мүкін, ал 30%-да жүйкелі-психикалық ауруға тап болуы мүмкін. Егер жаңа туған балада ГИЭ-нің ауыр формасы болса, онда 60% балалардың өліп кетуі мүмкін, ал тірі қалғандар мүгедек болып қалады.
Сонымен қатар, демеуші бөлген қаржыға Алматы қалалық №2 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында мүгедектігі бар балаларға арналған қауіпсіз алаңы орнатылды.
Ал клиникалық "Алатау" балалар шипажайынна өкпе көлемін кеңейтуге арналған Spiro Tiger ықшам тыныс алуды жаттықтырғыш сыйланды.
Есту қабілеті нашар балаларға арналған №1 мектеп-интернатының тәрбиеленушілері құлағы нашар еститін балаларға арналған робот-конструктор сатып алды.
№17 жағдайы нашар отбасының балаларына арналған мектеп-интернатында тігін шеберханасы мен ұлдарға арналған слесарлық шеберхана ашылды.
Жоғарыда атап өткен бұл 27,5 млн теңгелік жоба - «АЯЛА» қайырымдық қоры мен «Шеврон» компаниясының сегіз жылдық серіктестігінің тағы біз кезеңі. Еске салайық, жыл сайын осындай көмек Алматы мен Астанның әртүрлі мекелелеріне көрсетіліп тұрады.
Аталған сыйлардың куәліктерін салтанатты марапаттау рәсімі №17 интернатта өтті. Ол жерде Malli дизайнерлік үйінің тігіншілерінің қатысуымен мастер-класс өтті. Олар, интернат оқушыларымен алдын ала екі апта бойы көйлек (юбка) тігуді үйреніп, бүгін дайын жұмыстарын көрсетті. Ал қонақтардың ешқайсы сыйлықсыз қайтқан жоқ.
«Біздің қор «Шеврон» компаниясымен серіктестік және достық қарым-қатынасын мақтан тұтады. Біз олардан әлеуметтік жобаларға жүйелі түрде қарауын үлгі етіп, үйренеміз. Ауруханаларда медициналық жабдықтарды орнатудан басқа осы сала қызметкерлеріне арналған тренингтер мен мастер-кластар өткізілді. «Шеврон» компаниясымен бірге мұндай жемісті ынтымақтастық көптеген жылдар бойы жалғасады деп үміттенеміз», - деді «АЯЛА »қайырымдық қорының президенті Айдан Сүлейменова.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/2873-news-rus#sigFreeId8f837f7c6a