Алматы қаласында Наурыз мейрамын атап өту аясында қол өнер бұйымдары мен әшекейлерінің жәрмеңкесі болып өтті. Интеллектуалды дамуында ақауы бар балаларға арналған №6 арнайы (түзету) мектеп-интернатының тәрбиеленуші қыздары жасаған әдемі моншақтар, сырғалар мен білезіктер Kaspi bank қызметкерлерінің назарына ұсынылған болатын.
Мектеп-интернатының тәрбиеленушілері моторикамен байланысты қиындықтарына қарамастан, майда моншақтан әдемі әшекей бұйымдар, косметика салғыш, ас үйге арналған тұтқыштар мен төсемелер жасауды үйреніп алған. Бұл жұмыстар жәрмеңкеде көрсетіліп, банк қызметкерлері оларға үлкен қызығушылық танытты.
Өздеріңіз білетіндей, мектеп-интернаттарда арнайы шеберханалар бар, онда балалар келешекте өздеріне қажет болуы мүмкін түрлі дағдыны игереді. Жәрмеңкедегі саудадан түскен ақша толығымен шикізат, моншақ, мата және тігін шеберханасындағы сабақтарға арналған басқа да қажетті заттарды сатып алуға жұмсалатын болады.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/3048-news-rus#sigFreeId24d25544c2