№15 мектеп-интернаттың бес оқушысы шаштараздықты оқып үйренді. Стиль шебері Светлана Ганчеваның балаларға олар клиенттердің шашын дұрыс жуу, қию, айрық жасау мен шашты сәндеу мәнерін үйренді. Сабақтар 2 желтоқсаннан 30 сәуірге дейін өтті. Осы уақыт ішінде балалар аптасына үш рет өз шеберлігін шыңдады.
Соңғы сабақта олар жетекшісінен үйренгенінің барлығын көрсетті. Балалар шашын қиып сәндеген модельдер, қазылар алқасының алдында шеру жасады. Жасөспірімдердің жұмысын кәсіпқой барберлер бағалады.
Курстар «АЯЛА» қорының «Жасөспірімдерді кәсіби бағдарлау» жобасының шеңберінде «Эллада» сұлулық салонымен бірге ұйымдастырылды. Оқыту «Шеврон» компаниясының демеушілік қолдауымен жарақтандырылған интернат базасындағы шаштараз шеберханасында өткізілді.
Сонымен қатар, бұл мекемеде «АЯЛА» қайырымдылық қоры Samsung компаниясымен бірлесе әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау бөлмесін жарақтандырды.
Жас шаштараздар өз моделінің бейнесін жасап жатқанда басқа оқушылар аспаздық мастер-класына қатысты. Еріктілер - «Эллада» сұлулық салонының қызметкерлері – қыздарды бәліш және әртүрлі десерт дайындауға үйретті.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/3060-news-rus#sigFreeIda0f3d0c372