Қимыл-тірек аппаратты бұзылған балаларға арналған Қарағанды облыстық мектеп-интернатында аспаздықпен және тігінмен айналысуға арналған кабинет жұмыс істей бастады.
«АЯЛА» қорының көмегімен бұл кабинетте енді 12 орындықты үлкен стол, аспаздық тәжірибесі үшін «Карвинг» жиыны, көкөніс кептіргіш, тігін машинасы, торлағыш, үтік және үтіктеу тақтасы бар. Жобаның жалпы құны 407 420 теңгені құрады.
Мектеп-интернатта балалардың мидың салдануы, тұқым қуалайтын аурулармен ауыратын және орталық жүйке жүйесі бұзылған 162 бала тұрады және оқиды. Мектеп педагогтары олардың жан-жақты білім алуы айрықша жағдай жасауға және дамуының бұзылуын түзетуге көмектесуге тырысады. Ал «АЯЛА» қоры «Кәсіптік бейімдеу» жобасының шеңберінде оқушылардың өмірде пайдалы және керекті кәсіби дағды алуына қызығушылығына қолдау көрсетеді. Біз осы білім беру мекемесінің балалары мектеп бітіргеннен кейін өмір сүруіне, оқуын жалғастыруына және өсуіне, бірақ бастысы – өзіне жұмыс табуына көмектесетін пайдалы практикалық дағдысы болғанын қалаймыз. 6 жыл ішінде біз 5 баланы шаштараз шеберлігіне, 20 – тігін шеберлігіне оқыттық, 60 бала үй жағдайында қарапайым тағам даярлау курстарынан өтті. Біздің қор 5 курс ұйымдастырды, 18 арнайы шеберханалар ашты, бүкіл Қазақстан бойынша мектеп-интернаттар мен балалар үйлеріндегі жобаларға педагогтар мен қатысушылар ретінде жанашыр, көмек көрсетуге құштар ондаған адамды қауыштырды.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/3164-news-rus#sigFreeId36a73c7c74