Бүгін Есік қаласындағы көрулерінде проблемалары бар балаларға арналған Республикалық арнайы мектеп-интернатта көктемгі мереке Наурызға ұшталған шара өтті.
«АЯЛА+SAMSUNG» жобасын іске асыру барысында интернаттың әлеуметтік-тұрмыстық бейімдеу бөлмесі толық жабдықталды. Бұрын әлеуметтік-тұрмыстық бейімдеу мектептің «Үй шаруашылығын жүргізу» бағдарламасының пәні болатын. Осы бөлмелерде интернат тәрбиеленушілері тамақ дайындауға, дастархан жаюға, ас бөлме мен пәтердің ішін жинауға, замануи тұрмыстық техниканы пайдалануға үйренеді. Сол үшін «АЯЛА» қайырымдылық қоры және Samsung Electronics Central Eurasia компаниясы әлеуметтік-тұрмыстық бейімдеу кабинетін (ӘТБ) барлық қажеттімен қамтамасыз етті. Ас бөлме жиһаздары, тамақ ішетін үстел, қонақ бөлмесі жасалды. Samsung Electronics компаниясы интернатқа тұрмыстық техниканың толық жиынтығын тапсырды. Одан басқа, барынша жайлы ету үшін ас бөлменің ыдыс-аяқтары, асханалар бұйымдары, дастархандар, қол орамалдары, орамалдар және ас бөлмесінде жұмыс істеу үшін керектінің барлығы сатып алынды. Palladium мейрамханалық кешені де осы шараға қатысты да интернатқа сервировкалық ыдыс-аяқты тапсырды.
Мерекенің барысында толық жабдықталған ӘТБ кабинетінде «Come In» мейрамханасының атақты бас аспазшысы Роман ДУБНИЦКИЙДІҢ мастер-классы өтті. Аспазшы балаларға жақсы көретін «фаст-фудттары» пайдалы болуы туралы айтып берді де, үй гамбургерлерді тез арада және аса шығынсыз дайндауды үйретіп берді. Одан басқа, Роман және атақты радио-тележүргізуші Диана СНЕГИНА дұрыс тамақтану жөніндегі кеңестерімен бөлісті.
Ересек балалар мастер-класста тағамдар дайындағанша, интернаттың кішкентайлары үшін толық құнды цирктік көрініс өткізілді. Балаларға қонаққа Алматылық мемлекеттік цирктің әртістері – күлкілі клоундар, феериялық сыйқыршы, таңғалдыратын акробаттар және жаттықтырылған жануарлар келді.
«Наурыз – ол отбасының, дәстүрдің және мәдениеттің көктемгі мерекесі, сондықтан, біздің бүгін нағыз отбасылық мереке ұйымдастырғымыз келді. Үлкен отбасыларында үлкендер кішілерін үйрететін салт дәстүр бар, барлығы қосылып тағамдар дайындайды және дәстүрлі ойындар ойнайды. Осындай шараларды ұйымдастыру Samsung Electronics Central Eurasia компаниясы үшін мейірімді дәстүрге айналды. Көптеген Қазақстандағы балалық үйлер, ауруханалар және интернаттар сыйлыққа ӘТБ бөлмесін компаниядан алып үлгерді. Біз осындай жобалардың балаларға отбасылық құндықтарын терең түсінуге және қадірлеуге көмектесетініне сенеміз», - деп белгіледі Гүлжамал Исаева, Samsung Electronics Central Eurasia компаниясының корпоративті әлеуметтік жауапкершіліктік жөніндегі менеджері.
Мектеп-интернатының директоры Гүлнәр ӨТЕПБЕРГЕНОВА былай деді: «Біздің интернат 2012 жылы ашылды және әлі толық жабдықталған жоқ, сондықтан, әлеуметтік-тұрмыстық бейімдеу кабинеті біз үшін жағымды ойламаған сыйлық болып табылды. Әсіресе, кабинеттің Samsung компаниясының ең озат техникасымен қамтылғаны қуантады. Барлық біздің тәрбиеленушілеріміз мен педагогикалық ұжымымыздың атынан «АЯЛА» қоры мен Samsung Electronics Central Eurasia компаниясына салған назарлары, түсінушіліктері және біздің проблемамызды шешкендері үшін шынайы алғысымды айтқым келіп отыр».
«Менің ойымша, балаларды өз өздеріне қызмет жасау машығына үйрету интернаттардың тәрбиеленушілерін келешекте табысты әлеуметтеуде өте маңызды мәні бар. Өздік ересек өмірге дайындау және сау және бюджетті тамақтану ұстамдарымен таныстыру, менімше, балалар үшін де, педагогтар үшін де өте пайдалы болады», - деп белгіледі қоғаммен байланысу жөніндегі вице-президент Жангелді САРСЕНОВ.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/921-news-kz#sigFreeIdcab81d9b54