Ұлттық валютаның тұрақсыздығы «заттай қайырымдылық» сияқты қайырымдылықтың түріне теріс әсер еткен жоқ. Көптеген кәсіпкерлер біздің қорға мектеп керек-жарақтарын және кеңсе тауарларын беруде, біз оларды тұрмысы төмен отбасылардың балаларына арналған интернаттардың оқушылары, мүгедек балалар және басқа да әлеуметтік осал топтардың арасында бөлеміз.
Білім күнінің қарсаңында бір бизнесмен біздің қорымызға ұлдар мен қыздарға арналған рюкзактар мен спорттық сөмкелердің едәуір санын берді, біз оларды №1, №9, №15 және №17 интернаттардың балаларына, сондай-ақ Медеу және Бостандық аудандарының әлеуметтік қызметкерлеріне өздерінің қамқорлығындағыларға тарату үшін бердік.
«Заттай қайырымдылық» - біздің жұмысымыздың тиімді әдісі. «АЯЛА» қоры көмекке мұқтаж адамдарды әр кезде де табады.
Біз кез келген көмекке риза боламыз және біздің «заттай» демеушімізге ынтымақтастығы үшін алғыс білдіреміз!
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/943-news-kz#sigFreeId1fbd6ff779