Бүгін «АЯЛА» қорының қызметкерлері Есік қаласындағы көзі нашар көретін арнайы мектеп-интернатының тәрбиеленушілеріне салтанатты түрде жаңа спорттық жабдықтарды берді. Қажетті жабдыққа арналған қаражаттың «Тәні саудың жаны сау» жобасының шеңберінде жиналғанын еске салайық. Ақшаны жинауға арналған бокстардың бірі Қала күнінде Тұңғыш Президент Саябағында орнатылды. Жыл сайынғы «AppleFest» фестивалінің шеңберінде кез келген адам кез келген соманы садақа ретінде беріп, ол үшін алма алды. Осындай қайырымдылық акция өткізуді «Көкшетауминсу» АҚ және «FineDesing» жарнама агенттігі ұсынды. Алматылықтардың және қала меймандарының арқасында бұл күні 140 425 теңге жиналды. Бұл ақшаға 10 футбол және 10 волейбол добы, 10 тұтқасы бар үлкен доп, 10 шеңбер, 10 гимнастикалық таяқша, 5 гантель, 15 секіргіш, 3 «тоғызқұмалақ» ойыны, 2 бадминтон жиынтығы және 2 балалар кеглін сатып алды. Оқушылар тапсыру рәсіміне тиянақты дайындалды. Олар өздерінің ең керемет дарынын көрсетті - ән айтып, биледі, сондай-ақ домбырада күй тартты. Бүгінгі күні интернатта бүкіл Қазақстаннан 162 бала оқып жатыр. Олардың диагноздары әр түрлі, кейбіреуі мүмлдем көзі көрмейді. Тәрбие жөніндегі оқу ісінің меңгерушісі Эльмира Сарыбаеваның ойынша, кез келген қонақтың келуі балаларды үлкен қуанышқа бөлейді. Ал спорттық жабдық өте қажет, себебі дене шынықтырумен айналысу бас миының дұрыс қалыптасуына көмектеседі.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/953-news-kz#sigFreeId02e6193939