«АЯЛА» қайырымдылық қоры «Балалық шағымның ауласы» жобасының шеңберінде Көкшетау қаласындағы № 1 облыстық арнайы мектеп-интернатының аумағында 1 474 300 теңге сомаға балалар алаңын салды. Балаларға арналған ойын алаңына «Тікұшақ» атты серіппедегі екі орындық тербелме, әткеншек, «Күйме» атты шағын күрке үйшік, балалар ойын кешені және балалар қондырғысы кіреді. Балалар алаңын қоспағанда, интернатқа Ernst&Young компаниясынан 2 ноутбук берілді.
«АЯЛА» қайырымдылық қоры «Балалық шағымның ауласы» атты жобаны 2007 жылдан бастап іске асыруда. Нәтижесінде жалпы сомасы 82 млн. теңгеге қырық шақты балаларға арналған ойын алаңы салынды. Мектеп-интернаттардың, балалар ауруханаларының, шипажайлардың, сәбилер үйлерінің және басқа да мемлекеттік білім беру және медициналық мекемелерінің аумақтарында балаларға арналған спорттық-ойын алаңдары пайда болды. Жобаға Алматы, Астана, Семей, Өскемен, Талдықорған, Теміртау, Петропавл, Атырау, Ерейментау және Көкшетау қалаларын қамтып отыр.
Көкшетау қаласындағы № 1 облыстық арнайы мектеп-интернаты 1963 жылдан бастап жұмыс істейді. Мекеме ақыл-ойы кем балаларға арналған. Бүгінгі күні мектепте 260 тәрбиеленуші оқиды. Олар – 3 – 9 сынып оқушылары.
Ақыл-ойы кем балаларға арналған оңалту мектептерінің тәрбиеленушілері көп жағдайда едәуір қозғалыс белсенділігімен ерекшеленеді. Осылайша, спорттық-ойын алаңының арқасында балалар өздерінің артық энергиясын қалыпты арнаға бағыттай алады.
«АЯЛА» қайырымдылық қорына көмегі үшін үлкен рақмет. Балалар бұл алаңдарда ойын ойнап, спортпен шұғылдануда. Біздің оқытушыларымыз олармен жаттығу жасайды. Жаттығулар моторикасын және икемділігін дамытуға көмектеседі» - деп хабарлады Көкшетау қаласының № 1 арнайы мектеп-интернатының әлеуметтік педагогы Айжан КӘРІМОВА.
«Балалық шағымның ауласы» атты жоба көп уақыттан бері Алматы қаласының шегінен тыс дамуда. Біздің қорымыз бүкіл Қазақстанның аумағында балалар алаңдарын салуда. Осы алаңдарға біз «АЯЛА» қайырымдылық қорының сыйы» деп жазамыз. Осылайша, біз еліміздегі қайырымдылық мәдениетін және дәстүрін дамыту деген өзіміздің негізгі миссиямызды орындаймыз», - деп атап өтті «АЯЛА» қайырымдылық қорының жұртшылықпен байланыс жөніндегі вице-президенті Жангелді СӘРСЕНОВ.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/boarding-kz/item/958-news-kz#sigFreeId88234d4438