Балалық №14 емхана әкімшілігі мүгедек балаларға арнап ашық есік Күнін ұйымдастырды. Көбі аз қамтылған жанұяларда тұратын әр бала бұл күні бір жақты бағыттағы мамандардан кеңес алуға мүмкіндік алды. Қабылдауды невропатолог, ортопед, окулист, логопед және басқа да дәрігерлер жүргізді. Ашық есік Күні кертартпалыққа негізделген шара болып өтпес үшін балалар суреттері конкурсы, емхана қызметкерлері мен жақын арадағы мектептердің қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Мүгедек балалар үшін бұл күн нағыз мереке болды. Біздің қор мейірімді бастаудың көмекшісі болып шықты. Біз балаларға сыйлықтар дайындадық, олар аз қамтылған жанұялар өздеріне мүмкіндік бере алмайтын жұмсақ ойыншықтар, дамыту ойындары және тағы көп басқалар болды. Біз дәрігерлердің «мүгедектік – қазіргі заманның №1 проблемасы, бірақ, ешкім мүгедек балалардың біздің көмегімізге қажеттеніп отырғанынан тыс қалуға тиісті емес», - деп санайтын ойларын қолдаймыз.
Біздің қордың осындай жобаларға қатысуы біздің жұмысымыздың тұжырымдамасының біріне жатады. Қайырымдылықтың міндетті түрде қымбат бағалы емес болуы мүмкін. Иә, өте қымбат емес тұратын, және, сонымен қоса, өзінің тиімділігін жоғалтпайтын жобалар да бар. «Ерекше балаларға – ерекше назар», «Мейірімді істер жасайық», «Қуаныш күні» және олар сияқты жобалар балаларға мейірімділік әкелуге мүмкін болатындығын дәлелдейді, бастысы, өзінің қайырымдылық ниетін қайда бағыттауды білу керек. Сыйлықтардың бағасы – 17 000 теңге.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/bolnizy-kz/item/1782-news-kz#sigFreeId8bf6bbbcb6