Үш күндік теориялық тренинг пен практикалық мастер-классқа қатысу үшін Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда, Тараз бен Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарының перзентханалары мен балалар ауруханаларында жұмыс істейтін неоналотог-дәрігерлер мен балалар реаниматологтері Алматыға жиналды. 21-23 мамыр күндері «Шеврон» компаниясының қаржылық қолдауымен өткен шараны «АЯЛА» қайырымдылық қоры ұйымдастырды.
Лекторлар арасында денсаулық сақтау министрлігінің бас неонатологі Бектұрған Қарин, ҚР еңбек сіңірген қызметкері, м.ғ.д. профессор, Астананың Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының неонатология бөлімінің аға ординатор-кеңесшісі Тамара Чувакова, Санкт-Петербург мемлекеттік педиатрия медициналық университетінің анестезиология, интенсивті терапия мен жансақтау бөлімінің меңгерушісі Александр Ли және Челябинск қаласының клиникалық балалар ауруханасының нәрестелер жансақтау бөлімінің меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер анастезиолог-рениаматолог, Фомс сарапшысы Андрей Аверин келді.
Сонымен қатар, «АЯЛА» қоры «Неонатолог-дәрігерлер ассоциациясы» қоғамдық ұйымымен бірге жаңа туған балаларды күту туралы жаңа методикалық ұсыныстар дайындауды жоспарлайды.
Айта кетейік, «Шеврон» компаниясы соңғы бес жыл бойы «АЯЛА» қорының қазақстандық дәрігерлерге үздік шетелдік мамандардың білім беру жобаларын қолдап келеді.
«Мамандығым дәрігер болғандықтан нәрестелерді, әсіресе шала туған балаларды дұрыс күту олардың болашақ денсаулығына өте маңызды екенін түсінемін. Медицина бір орында тұрмайды, әдістер жетілдіріліп келеді. Біздің тренингтерде дәрігерлер жаңа және әсерлі емдеу әдістертері туралы ақпарат алады. Сондықтан біз «Шеврон» компаниясына жылдар бойы осы жобаны қаржылай қолдап, отандық медицина деңгейін көтеруге атсалысып келе жатқандарына, әсіресе перзентхаларға көрсеткен көмектері үшін алғыс білдіреміз», - дейді «АЯЛА» қайырымдылық қорының президенті Айдан Сүлейменва.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/bolnizy-kz/item/2868-news-rus#sigFreeId2726103dd1