18-03-2019 Шала туылған балаларға арнайы киімдер тоқитын адамдар көбейді

«Нити добра» қозғалысының еріктілері "Шеврон" компаниясында шала туылған балаларға...

«Нити добра» қозғалысының еріктілері "Шеврон" компаниясында шала туылған балаларға шағын бұйымдар мен терапевттік ойыншықтар – сүйкімді сегізаяқтар тоқудан мастер-класс өткізді. 

Компания қызметкерлерінің шала туылғандарға мұндай арнайы киімдерді дайындап келе жатқанына бірнеше жыл болды.  Еріктілер қатары әрдайым толыға түсуде, бұл жолы шұлық, желетке, құлақшын және арнайы ойыншық тоқуды енді ғана қозғалысқа қосылуға бел буғандар да үйренді. Қазір жобаға басқа компаниялардың қызметкерлері де қолдау көрсетуде.

Барлық арнайы киімдер Алматының перзентханалары мен перинаталдық орталықтарына таратылатын болады.

 

  Барлық фотосүреттерді жүктеп