Бұл күнді «АЯЛА» қайырымдылық қорының қызметкерлері ерекше күткен болатын. Себебі біздің қамқорлығымыздағы қызметкерлердің басым көпшілігі әйелдер ғой. Мерекелік 8 наурыз күні балалар инфекциялық ауруханасы реанимация бөлімшесінің және №2 Алматы қалалық балалар шипажайының қызметкерлері көптен күткен қонатарын қарсы алды. Оларды Халықаралық Әйелдер күнімен құттықтап келген біздер – «АЯЛА» қайырымдылық Қорының қызметкерлері болатынбыз.
Барлық қызметкерлерге бас дәрігерлерден бастап кіші медбикелерге дейін, «біздің» аруларымыз – осы емдеу мекемелерінің қызметкерлері отбасы мүшелерін емес, өздерін сыйлықтармен қуантуы үшін «Mon Amie» парфюмериялық дүкендер желісінің сыйлық сертификаттары табысталды. Себебі біздің қамқорлығымыздағы ару жандар өздерін қаншалықты жайлы сезінсе, біздің қордың қамқорлығындағы ең басты адамдарға – ауыр патологиясы бар, дегенмен, біздің сенуімізше, жарқын тағдырға ие кішкене пациенттер де өздерін соншалықты жайлы сезінетін болады.