«Мамамия» және «Ciao pizza» мейрамханалар желісі ұйымдастырған қайырымдылық науқанының алғашқы нәтижелері бізді қуантуда. Шара басталғалы бері 232 700 теңге және 100 $ жиналды. Қайыр ақша салынған конверттерге жазылған есімдерге қарағанда, шараға ҚР азаматтары да, шетелдіктер де қатысуда.
Үлкен өкінішімізге орай, жүрексіз адамдар да табылуда. Мейрамхананың дисконттық картасын иеленген олар конвертке көк тиын да салмаған. Оларға жақсылық тілейміз!
Біз Қазақстан Республикасының және біздің қаламыздың барлық сырқаттанған балаларына көмектесу идеясын қолдаған адамдардың барлығына алғысымыздыбілдіреміз.
СІЗДЕРГЕ үлкен рахмет!