Ең жаңа медициналық және инновациялық жабдықты алуға арналған сертификаттар №2 қалалық балалар ауруханасында өткен салтанатты рәсім кезінде Астана қ. он медициналық, білім беру және әлеуметтік балалар мекемелерінің басшыларына тапсырылды. Бұл рәсім «Шеврон» компаниясы мен «АЯЛА» жеке қайырымдылық қоры іске асыратын жыл сайынғы қайырымдылық акциясының бір бөлігі болып табылады.
«Жергілікті денсаулық сақтау мекемелеріне және дені сау өмір салтына дағдыландыруға ықпал ететін бағдарламаларға қолдау көрсету бүкіл әлемдегі және атап айтқанда, Қазақстандағы «Шеврон» компаниясының әлеуметтік инвестицияларының бір бөлігі болып табылады», - дейді компания өкілі Лейла Айтмұханова. «Денсаулық сақтау мекемелеріне арналған аса маңызды және оңалту жабдығын сатып алудан басқа, біз жергілікті мамандарды медицинаның соңғы жетістіктеріне үйретеміз, мамандар арасында тәжірибе алмасу үшін жағдайлар жасаймыз».
«АЯЛА» қайырымдылық қорының жұртшылықпен байланыс жөніндегі вице-президенті Жангелді Сәрсенов: «Менің ойымша, мұнайгаз секторы көшбасшыларының үлгісі бизнестің бүкіл өкілдеріне қайырымдылық саласындағы жұмыс мүмкіндіктерін көрсетуге тиіс. «Шеврон» компаниясы қайырымдылықтың кез келген әлеуметтік тұрғыдан жауапты компания үшін норма екендігін көрсетіп отыр. «АЯЛА» қоры «Шеврон» компаниясымен көпжылдық және жемісті ынтымақтастығын мақтан етеді. Біз болашақта еліміз үшін көп жағдай жасайтынымызға сенеміз».
2015 жылы әлеуметтік жоба шеңберінде «Шеврон» компаниясы «АЯЛА» қорымен бірлесіп № 3 перинаталдық орталық үшін жан сақтау үстелін, 4 шприц дозаторын, фототерапия аппаратын, науқас адамға арналған неонаталдық датчиктері бар монитор сатып алды.
№ 1 қалалық балалар ауруханасында 5 оттегі концентраторы, 4 инфузиялық станциясы, 2 инфузиялық дозатор, сондай-ақ 2 ойын бөлмесіне арналған жабдық және жиһаз орнатылды. № 2 қалалық балалар ауруханасы «Шеврон» компаниясынан тірек-қозғалыс аппараты бұзылған және сөйлеу қабілетінің кемістігі бар балалар үшін «Релакс» сенсорлық бөлмесін алды. Қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасына жан сақтау бөліміне 3 шприц дозаторы, 2 монитор және 4 электросорғыш берілді.
Көзі нашар көретін балаларға арналған «Алтын бесік» № 23 бөбектер бақшасы жобаның шеңберінде сыйлық ретінде сенсорлық бөлмені, сондай-ақ көз дәрігерінің бөлмесіне медициналық жабдық – офтальмоскоп және көздің көруін тексеруге арналған СК кестені алды. «Дэльфа» заманауи логопедтік тренажерлері «Әлем» № 22 бөбектер бақшасы логопедінің бөлмесіне орнатылды. Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балаларға арналған «Асыл бөбек» № 64 балалар бақшасы ЕДШ бөлмесі үшін арнайы жабдық – әрбір топқа аяққа арналған сенсорлық жолдар және уқалау кілемшелерін алды. Ақыл-ой қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы оңалту мектеп-интернатының информатика бөлмесі толығымен жабдықталды. Информатика сабақтары өтетін сыныпқа жаңа жабдық, заманауи компьютерлер, КФҚ және интерактивтік тақта берілді.
Емдеу жағдайларын жақсарту үшін балаларға арналған жүйке-неврологиялық медициналық-әлеуметтік мекеме физиобөлмеге арналған көп медициналық жабдық алды, ал мекеменің акт залы заманауи музыкалық аппаратурамен жабдықталды. Қыштан құмыра жасайтын шеберханаға арналған жабдық «ДОС» тәуелсіз өмір» Орталығының қоғамдық мүгедектер бірлестігі үшін бағалы әрі көптен күткен сыйлық болды. Енді ұйым мүшелерінде шығармашылық ізденісін көрсетудің жаңа тәсілі бар.
«Шеврон» компаниясы Қазақстан Республикасында жұмыс істеген алғашқы күндерінен бастап еліміздің медициналық, білім беру және әлеуметтік мекемелеріне жүйелі түрде көмек көрсетуде. Бірнеше жыл бойы «Шеврон» компаниясы Қазақстан Республикасында өзінің ауқымды қайырымдылық жобалары арқыл белгілі болған «АЯЛА» қорымен табысты ынтымақтастық жасауда. «АЯЛА» қайырымдылық қоры өзін сенімді әріптес ретінде көрсете білді. Қордың қызметі транспарентті және сегіз жылдық жұмысы ішінде өзінің тиімділігін дәлелдеді. Қор қызметінің негізгі бағыты балаларға арналған денсаулық сақтау және білім беру мекемелеріне – ауруханаларға, емханаларға, перзентханаларға, шипажайларға, сауықтыру орталықтарына, балалар үйлеріне, мектеп-интернаттарға, балабақшаларға көмек көрсету болып табылады. Қор миссиясы – Қазақстан Республикасында қайырымдылық дәстүрін және мәдениетін тәрбиелеу.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/hospitals-kz/item/939-news-kz#sigFreeId992ca45034