27-04-2010 Диагноз нақтырақ қойылатын болады

«АЯЛА» қайырымдылық қоры, қайтадан қалалық перинаталдық орталығына «сыйлықтарымен» ...

«АЯЛА» қайырымдылық қоры, қайтадан қалалық перинаталдық орталығына «сыйлықтарымен» ат басын бұрды. Осы жолы, біз ҚПҰО-на заманауи, ең бастысы ұтқыр рентген жабдығын бердік. Балалар реанимациясы бөлімшесінде 80-нші жылдардан бері тұрған рентген жабдығы, тек балғындарымызға ғана емес, сонымен қатар медициналық қызметкерлерге де қауіп төндіретін. Жаңа жабдықтың көмегімен, рентген суреттері анығырақ алынады, сонымен қатар бұл жабдықтың бұрынғыдан да аз сәуле мөлшері қолданылатындығын да айтып өту керек.

Қорымыз «тиімді» қайырымдылық идеологиясын «уағыздайды». Біз үнемі «қол астымыздағы» мекемелердің, меселелерінің шешілуін жан-жақты қарастыруға тырысамыз. Осы жолы да «АЯЛА» қоры өзінің үйреншікті ұстанымынан танбады. Сондықтан да, ҚПҰО-на заманауи рентген жабдығымен қоса, рентген суреттерін шығаруға арналған жаңа айқындауыш процессор сыйлады. Бұл процессор рентген жасайтын зертханашы мамандардың жұмысын әрі жеңілдетіп, әрі тездетіп, оңайлатты. Қазіргі таңда жасалған рентген суреттерінің сапасы өте жоғары. Демек, қойылатын диагноздардың да сапасы жоғарылап, бұрынғыдан да нақты болары сөзсіз. Мәлім болғанындай, нақты қойылған диагноз- емнің дұрыс жүргізілуінің бірден бір кепілі.


 Барлық фотосүреттерді жүктеп