«АЯЛА» қайырымдылық қорының «Басқарылатын гипотермия» атты инновациялық жобасына қолдау көрсету үшін 389 адам «Астана Марафон 2017» жарысына қатысты. Жүгіру бойынша өз көрсеткіштерін «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-тың, «Теміржолэнерго» ЖШС-ның, «АТФБанк» АҚ-тың, Interlog multimodal компаниясының, «Цеснабанк» АҚ-тың, «НОМАД Иншуранс» АҚ-тың қызметкерлері жақсартты, бұл компаниялар марафонның корпоративтік қатысушылары болды. Олардың «Басқарылатын гипотермия» жобасына арналған жарналарының арқасында 2 406 300 теңге жиналды.
Марафоннан жиналған қаражатқа қор Астана қ. Ұлттық ғылыми ана мен бала орталығы үшін терапевтік гипотермия аппаратын сатып алды, ол нәресте денесінің, сол сияқты оның басқа да органдарының қызуын бақылауға мүмкіндік береді. Осы жабдықтың арқасында медицина қызметкерлері дене қызуы көтерілген кезде ұрық жасушаларын құтқара алады. Негізінен бұл жабдықты нәрестенің гипоксиясына байланысты церебралдық бұзылу кезінде неврологиялық нәтижелерге жол бермеу үшін бас миына ота жасаған кезде пайдаланады.
Еліміздің белгілі спортшылары – бокстан олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов, еркін күрестен олимпиада ойындарының жүлдегерлері Эльмира Сыздықова және Екатерина Ларионова да марафонға қатысушыларға қолдау көрсетіп, қолтаңбасын таратып, фотосессия өткізді.
«АЯЛА» қайырымдылық қоры «Астана Марафон -2017» жарысын ұйымдастырушылар – Гауһар Брамлей Фентонға және Астана қ. әкімдігіне, «Басқарылатын гипотермия» жобасына қолдау көрсеткен демеушілерге, сондай-ақ әріптестеріміз – ҚР Ұлттық олимпиада комитетіне және Қазақстанның бокс федерациясына еліміздің белгілі спортшыларымен жеке қарым-қатынас жасауға мүмкіндік бергені үшін зор алғысын білдіреді.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/hospitals-news-kz/item/2636-news-kz#sigFreeId8419b5baad