Алматы қаласындағы перинатология және педиатриялық кардиохирургия орталығында босанған әйелдерге шала туған балаларға арналған тоқылған киімдер жинағы берілді. Олар «Шеврон» компаниясы мен «АЯЛА» қайырымдылық қорының қолдауымен «Нити добра» тобымен арнайы тоқылды.
Қазіргі уақытта қарқынды терапия бөлімінде 15 сәби бақылаудан өтіп жатыр. Медициналық мекемедегі нәрестелердің дене салмағына және денсаулығына байланысты екі айдан үш айға дейін бақыланады.
Жалпы перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығына барлығы 20 жинақ әкелінді. Балалар реанимация бөлімінің меңгерушісі Марина Чагайдың айтуынша, бұл сыйлықтар балалар үшін өте қажет.
«Бұл киімдер қазіргі күн райын ескерсек, үлкен көмек болары сөзсіз. Бұл материал балалар тыныс алу үшін теріге көмектеседі. 2017 жылдың басынан бері 400-ге жуық нәресте қарқынды терапиядан өтті. Жылдың соңына дейін әлі де уақыт бар, балалардың туу кезеңі, оның ішінде мерзімі жетпеген балалардың тууы жиі кездесіп тұрады», – деді ол.
«АЯЛА» Қайырымдылық Қоры «Шеврон» компаниясының қызметкерлері мен «Нити добра» клубына жобаны қолдап, балаларға көмек көрсету үшін алғысын білдіреді.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/hospitals-news-kz/item/2660-news-kz#sigFreeId872d88ac25