Алматы қаласындағы перинаталдық орталықта Халықаралық шала туған балалар күні жайдары және көңілді өтті. Дәрігерлер мен медбикелерге 1-2 жыл мерзімінен бұрын дүниеге келген балалар келді. Олар өсіп, балабақшаларға барып жүр.
Қалалық перинаталдық орталықтың жан сақтау және нәрестелердің қарқынды терапиясы бөлімшесінің меңгерушісі Айнұрым Сарбас айтқандай, соңғы жылдары шала туған балалардың аман қалуы бойынша оң серпін байқалуда.
«АЯЛА» қайырымдылық қорының «Тыныс ал, балақай» жобасының шеңберінде 2009-2011 жылдар аралығында орталық үшін 86,3 млн. теңгеге медициналық жабдықты сатып алғанын еске сала кетейік. Бұл – тыныс алу аппараттары, жан сақтау үстелдері, фототерапия аппараттары және нәрестелерге арналған басқа да аппаратура.
«Бүгінгі күні біздің орталығымызда 10%-ға жуық нәресте дүниеге мерзімінен бұрын туады, олардың ішінде аман қалуы – 98-99%. Орташа алғанда 800-1000 шала туған баладан 750-950 нәресте аман қалады. Екі мыңыншы жылдардың басында аман қалу деңгейі 50%-ға жуық болды, бүгінде статистика 2 есе жақсарды. Бұл балаларды бағып-күту жағдайының жақсаруына, сондай-ақ жаңа жабдықтың сатып алынуына және балаларды емдеп, бағып-күтудің жаңа әдістерінің пайда болуына байланысты», – деп хабарлады Айнұрым Сарбас.
Сыйлықсыз қандай мереке? «Мейірімділік арқауы» («Нити добра») клубының еріктілері балаларға арнап тоқыма киім тоқып берді. Киімдер жас аналарға қалалық перинаталдық орталықта, сондай-ақ перинатология және балалар кардиохирургия орталығында тапсырылды. Киім жиынтығы шұлықтан, көкірекшеден, бас киімнен, жылы орамалдан және тоқыма ойыншық – сегізаяқтан тұрады, ол нәресте үшін жайлы тактильді жағдай жасайды.
Акция «АЯЛА» қайырымдылық қорының қолдауымен өткізілді.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/hospitals-news-kz/item/2721-news-kz#sigFreeId195a852429