05-02-2018 Алматыда шала туған балаларды одан әрі оңалту үшін жағдайлар жасалуда

Алматы қ. Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының базасында катамнез...

Алматы қ. Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының базасында катамнез кабинеті ашылды. Кабинет туа біткен және перинаталды патологияға байланысты түрлі созылмалы аурулардың алдын алу; түрлі ауруларды ерте анықтау, балалардың қалыпты өсуіне және дамуына кедергі келтіретін проблемаларды жою үшін қажет. Бұдан басқа, катамнез кабинетінде шала туған нәрестелердің жанұяларына психологиялық көмек көрсетіледі. Орталықтың деректері бойынша, 2017 жылғы бірінші тоқсанда нәрестелер патологиясы бөлімшесінен катамнездік бақылауға жататын 160 бала шығарылды. Қазіргі уақытта Алматы қаласы бойынша катамнездік бақылау өлшемшарттары бойынша 1 жасқа дейінгі 125 бала есепте тұр.

«Катамнез кабинетінде қаралу үшін көрсеткіштер бар – түрлі ауруы бар жоғары тәуекел тобына жататын балалар. Олар – туған кезде 1,5 кг-нан аз, босанған кезде асфиксияға ұшыраған, өкпесімен проблемалары бар немесе жүрек патологиясы бар балалар. Кабинетті Денсаулық сақтау басқармасы 2017 жылғы маусымнан бастап ұйымдастырды, алайда кабинеттің жұмыс істеуі үшін перзентхананы осы кабинеттің жұмысы үшін қаржыландыру қажет. Қазіргі кезде оны Перинатология орталығымен консультативтік қызметтер көрсету туралы шарт жасаған емханалар қаржыландырады, анасына  жолдама беріп, ол біздерге жолдама бойынша тегін келіп қаралады», - деп түсіндірді дәрігер-неонатолог, Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының катамнез кабинетінің маманы Найля Хайруллина.

Жоба шеңберінде жұмыс істеу үшін барлық қажетті жабдық 1 млн. теңгеден астам сомаға сатып алынды. Жоба демеушісі – жеке адам. Қордың «Тыныс ал, балақай» және «Өмір сыйлайық» атты жобаларының арқасында өте төмен салмақпен туған балалардың өміршеңдігі 12%-дан 55,3%-ға дейін (2016 жылғы деректер бойынша) өскенін атап өткен жөн.

 «Біздің жаңа «Оңалту кабинеті» атты жобамыздың мақсаты – шала туған балалардың өмірінің сапасын одан әрі жақсарту үшін Алматы қ. Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында катамнез кабинетін ашу. Әрбір жанұя үшін баланың бақытты әрі дені сау болып өскені аса маңызды», - деп атап өтті «АЯЛА» қайырымдылық қорының президенті Айдан Сүлейменова. 

 

 Барлық фотосүреттерді жуктеп