Терапевттік гипотермияға арналған кешенді – TecoTerm Neo және электроэнцефалография аппараттарын - бүгін «АЯЛА» қайырымдылық қоры Атыраудағы Облыстық перинаталдық орталыққа және №3 Түркістан Облыстық перинаталдық орталыққатабыстады. Атырауда жабдық 23,6 млн теңге сомаға жеке тұлғалардың қайырымдылық жарналарына және қазақстандықтардың «Касса24» терминалдары арқылы 2019 жылы жасаған аударым ақшасына сатып алынды. Ал Түркістанда - Қазақстан Халық банкі АҚ қаржылай қолдауымен сатып алынды. Қор бұл медициналық жабдық өңірде гипоксияның ауыр түрлерімен байланысты сәбилер өлімін төмендетуге көмектесетініне сенімді.
Сәбилер өлімінің құрылымында жаңа туған балалар саны 60%-дан асады, және олардың өлімінің басты себептерінің бірі орталық жүйке жүйесінің зақымдануы болып табылады, оның 70% - бұл орын алған гипоксияның салдары. Бас миының гипоксиялық-ишемиялық бүлінуі нәрестелердің өткір перинаталдық асфиксиясының салдарынан туындайды және неонаталдық кезеңнің патологиялық жағдайларының 47%-да диагностикаланады. Туған кезде ол бас миы жасушаларының өлуіне алып келетін сан түрлі патофизиологиялық процестерді іске қосады.
Гипотермия аппараты өте нәзік және өмірлік маңызды жұмысты орындайды. Ол мұқият, өте дәл мөлшерлемемен температура деңгейіне нәрестенің бүкіл денесін немесе оның бір бөлігін салқындатады. Дәл температуралық ықпал қан айналымын түзетуге және сәбилердің бас миының жасушаларының немесе зақымданған бөліктерінің қалпына келуін бақылауға мүмкіндік береді. Бұл ретте нәрестенің өмірінің ең алғашқы сағатында және тіпті минуттарында терапевттік гипотермияны қолдану өте маңызды. Мұндайда бас миының жасушаларының жұмысын қалпына келтіруге мүмкіндік туады. Егер ауруханада мұндай аппарат болмаса, баланың орталық жүйке жүйесінің ауыр функционалдық зақымдану ықтималдығы ұлғаяды, ал ең жаманы - оның өліміне әкеп соқтырады.
Бүгінгі күні терапевттік гипотермия гипоксиялық-ишемиялық бүліну кезінде нәрестелердің бас миын қорғаудың әлемде мойындалған негізгі физикалық (дәрілік емес) әдісі ретінде қаралады.
Мұны «АЯЛА» қоры Ұлттық ана және бала ғылыми орталығынан алған деректер де растайды. Онда 2017 жылғы қарашадан 2019 жылғы маусымға дейін жан сақтау бөлімінде ауырлығы орташа және ауыр дәрежелі гипоксиялық-ишемиялық энцефалопатия диагнозы қойылған 72 нәресте TecoTerm Neo аппаратының көмегімен емделді. Бұл балалардың жартысынан астамы - дене салмағы 1800 граммнан басталатын шала туғандар.
Орталықтың мәлімдеуінше, бұл терапевттік гипотермияның тиімділігі клиникалық, зертханалық және аспаптық деректер бойынша, сондай-ақ балаларды бақылау нәтижелері бойынша анықталды. 95%-да жағдайда оң нәтиже алынды: толық клиникалық сауыққан балалар қанағаттанарлық күйінде үйлеріне шығарылды. Дәрігерлердің бұдан кейінгі бақылауы бұл балардың сауыққанын және қандай да бір неврологиялық ауытқуларының жоқ екенін көрсетті.
«Сәбилер өлімін және мүгедектігін қысқарту жөніндегі жобаларды іске асыру біздің қор жұмысының негізгі басымдығы болып табылады. 12 жыл ішіндебізбүкіл Қазақстан бойынша балалардың ондаған мемлекеттік медициналық мекемелеріне көмек көрсеттік. «Тыныс ал, балақай», «Өмір сыйлайық», «Менің де өмір сүргім келеді» жобаларының арқасында Қазақстанда он мыңдаған балалардың өмірі сақталды. 2017 жылдан берібіздің қорперинаталдық орталықтарды гипотермия жабдығыменжарақтандыру үшін демеушілер іздеуге белсенді кірісті. 3 жыл ішіндедемеушілеріміздің қолдауыменбізмұндай 3 аппаратты – Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығындажәне Алматы қаласындағы Перинатологияжәнебалалар кардиохирургиясыорталығында орнаттық. Бүгін жабдықтың төртінші жиынтығы Атыраудың Облыстық перинаталдық орталығына жеткеніне қуанып отырмыз. Бұл жабдық Атырау облысындағы сәбилердің тіршілікке қабілеттілік және бала туу көрсеткіштерін жақсартуға көмектесетініне сенімдімін», - дейді «АЯЛА» қайырымдылық қорының президенті Айдан Сүлейменова.
Жабдық «АЯЛА» қоры 2017 жылдан бері іске асырып келе жатқан «Басқарылатын гипотермия» республикалық жобасының шеңберінде жеткізілді. Осы уақыт ішінде қор ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен терапевттік гипотермия жабдығының Қазақстанда алғаш рет тіркелуіне көмектесті, дәрігерлер мен медбикелер үшін терапевттік гипотермия бойынша Медициналық ұсынымдар шығарды, бірыңғай Гипотермия жөніндегі хаттаманы құруға септігін тигізді, қазақстандық, соның ішінде Атыраулық және облыстық дәрігерлер мен медбикелерді нәрестенің гипотермиялық нейропротекциясының жаңа әдістеріне оқытты және жыл сайын оқытуды жалғастырып келеді. Қордың белсенді жұмысының арқасында Сәбилер өлімін төмендету жөніндегі іс-шаралардың республикалық жоспарына әр облыстағы перинаталдық орталықтар үшін 2019-2021 жылдары гипотермия жабдығын сатып алу міндеті енгізілді. Демеушілердің қолдауымен қор Қазақстанның 5 қаласында жалпы 86 млн теңгеден асатын сомаға TecoTerm Neo аппаратының 6 данасын орнатты. Бұл жабдық Қазақстанның ірі перинаталдық орталықтарының күн сайынғы практикасында өзінің тиімділігін дәлелдеді.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/hospitals-news-kz/item/3207-news-rus#sigFreeId80cc934b79