«АЯЛА» қайырымдылық қоры Астана қаласының № 1 перинаталдық орталығына «Ұлт денсаулығы перзентханадан басталады» жобасының шеңберінде фототерапия аппаратын салтанатты түрде тапсырды. Фототерапия аппаратының құны – 500 000 теңге, осы соманы біздің астаналық еріктілеріміз жинады. Олар үш табысты жас ана – «Бала жүрегі» қоғамдастығының өкілдері, Жанар Сәрсенова, Гүлнар Бисаринова және Жанар Бурахан.
Биыл жазда олар Ерлан Көкеевтің диско-барында fashion сатылым ұйымдастырды. Сатылымда Қазақстандағы белгілі адамдардың - әртістердің, шоумендердің, тележүргізушілердің гардероб заттары, сахналық киім-кешегі, зергерлік бұйымдары мен әшекейлері, брендтік заттары және көптеген басқа да бұйымдар ұсынылды. Іс-шараға сондай-ақ Астана қаласының әйгілі бутиктері, мейрамханалары, сәнді және зергерлік үйлері қатысты.
«Ұлт денсаулығы перзентханадан басталады» жобасының шеңберінде 2009 жылы Алматы қаласы перзентханаларының барлық балалар бөлімшелері және кейбір ауруханалардың фототерапия аппараттарымен жабдықталғанын еске салайық. Фототерапия – жаңа туған нәрестелердің сары ауруын дәрі-дәрмексіз емдеу әдісі. Бұл ауру емдік терапияға көп емделмейді, ал ең ауыр жағдайларда жаңа туған нәрестеге қан құю операциясын жасау қажет. «Фототерапия аппараттарына қаражатты екінші рет жинап отырмыз. Алғаш рет дизайнерлік заттардың сатылымын өткен жылдың қараша айында жүргіздік. Ол кезде біз 1 миллион теңге жинадық. Бұл ақшаға Астана қ. № 1 және №2 перинаталдық орталықтары үшін 2 фототерапия аппараты сатып алынды», – деп хабарлады «Бала жүрегі» қоғамдастығының өкілі Гүлнар Бисаринова.
№ 1 перинаталдық орталығының ұжымы «АЯЛА» қорының қызметкерлеріне, «Бала жүрегі» қоғамдастығына, сондай-ақ Астана қаласындағы екінші fashion сатылымның барлық әріптестеріне және қатысушыларына фототерапия аппараты үшін шексіз алғыс білдірді.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/hospitals-news-kz/item/959-news-kz#sigFreeIdf472e0edf3