2009 жылдың 21, 22 және 23 қаңтарында «АЯЛА» қайырымдылық қоры қаламыздың барлық перзентханалары мен балалар ауруханаларына фототерапияға арналған құралдарды табыстады. 32 фототерапия аппаратының алғашқы 13-і қалалық перинаталдық орталыққа табысталды. Бұл жерде, біз жәрдем жасаған басқа мекемелердегідей, қор қызметкерлеріне дәрігерлер, емдеу мекемелерінің әкімшілігі, қалалық денсаулық сақтау департаментінің басшысы мен қызметкерлері жылы алғысын білдірді.
Фототерапия аппараттары жаңа туған нәрестелерді сары аурудан емдеуге арналған. Сары аурудың тіпті ауыр түрлерінің өзінде фототерапия медициналық дәрі-дәрмектерсіз емдеу, немесе кішкентай пациенттерге түсетін дәрілік жүктемені айтарлықтай жеңілдету мүмкіндігін береді. Бірінші кезекте мұндай аппараттар перзентханаларда және балалар ауруханаларында орнатылды. Кейіннен біз «емдік шамдарымен» қаланың барлық балалар емханаларын жабдықтауды жоспарлаудамыз.Бұл көмек – балалардың зияткерлік дамуына қосқан үлесіміз, себебі сәбилердің миын зақымдай алатын қауіптердің тізімінде нәрестелердің сары ауруы бірінші орындардың бірінде тұр.
Бұл аппараттарды сатып алуға қажетті қаражатты бірнеше айдың ішінде көптеген ұйымдар мен жай ғана рақымшыл адамдар жинаған болатын. Біз шын жүректен осы адамдардың барлығына алғысымызды білдіреміз және оларға денсаулық пен табыс тілейміз. Балаларға жасаған Сіздің жақсылығыңыз Өзіңізге мың есе болып қайта оралатынына сенімдіміз.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/hospitals-news-kz/item/961-news-kz#sigFreeId4a9da7cbd8