Бүгін №1 балалар үйінде сенсорлық бөлменің ашылу салтанаты болды. Бұл балалардың барлық сезім мүшелері іске қосылатын ерекше түрде жасалған кеңістік. Жарық, музыка, табиғат дыбыстары, қабырғада үлкейтіліп көрсетілетін суреттер мен түйсіну сезімдері көптеген жағдайларда босаңсуға, сонымен қатар жаңа қозғалыс қызметтерінің пайда болуына әкеледі.
Балалар медициналық мекемелерінің қызметкерлері «дәрігер-бөлме» деп атайтын сенсорлық бөлме кішкентай емделушілерімізді сауықтыруға көмегін тигізеді. Көбінесе балалар үйінің емделушілері сенсорлық бөлмеде релаксация жасау қажет болатын аурулар түрімен ауырады.
«Аяла» қайырымдылық қоры коммерциялық компаниялармен, қоғамдық ұйымдармен серіктестік орната отырып және жеке тұлғалардың жанашырлық көмегінің арқасында №2 балалар шипажайындағы, №2 балалар үйіндегі, «Ақсай» республикалық ауруханасындағы сенсорлық бөлмелерді жабдықтап берді. Дәрігерлер мен ата-аналар неврологиялық патологиясы және балаларда кездесетін сал ауруымен ауыратын бүлдіршіндер жағдайының айтарлықтай жақсарғанын айтуда.
Қазіргі кезде №1 балалар үйінде 38 бала тұрады, емделеді және тәрбиеленді, олардың 13-і - мүгедек балалар. 11 баланы түрлі себептерге байланысты асырап ала алмайды.
Балалар сенсорлық бөлмеге кіргенде, олардың таңдарында шек болмады. Ауыздарын ашып, олар онда орнатылған барлық жабдықтарды қарап шықты. Екі Олег, Асылбек пен Антошка жұмсақ түсеніштің үстінде қатты ойынға кірісті, содан кейін Олегттердің біреуі, ішінде түрлі-түсті көбіршіктер мен ойыншық балықтар ойнақтаған әйнектей дөрбеден кеткісі келмеді. Бөлмеден кетер кез келгенде, балалар кеткілері келмей дәлме-дәл тіреліп алды, ал Асылбек болса, жылап жіберді.
Сенсорлық бөлме «Доктор-бөлме» жобасын іске асыру барысында жабдықталған. Бұл Алия Исахметова, «АЯЛА» қоры мен «LCB Partners» компаниясының қатысуларына байланысты мүмкін болды. Осы компанияның өкілі Айнұр Мустафина болашақ сенсорлық бөлменің жайын жөндеуіне өз қолымен жасай қатысты.
Барлық жобаның бағасы 1 176 800 теңгені құрады.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/kids-homes-kz/item/1608-news-kz#sigFreeId47fa6f83f2