Біздің қорымыздың өзімізге де білінбей республикалық дәрежесіне жеткен бірнеше жобамыз бар. Сонымен қатар бізді қуантатын жағдай, «АЯЛА» қорының негізгі миссиясы іске аса бастады. Бұл миссия – біздің елде қайырымдылық дәстүрін қалыптастыру. Ойымыздың көбі Қазақстанның ең әр түрлі бұрыштарындағы бей-жай емес адамдардың түсінулері мен қолдауларын көріп жүр.
Ал, енді, міне, мамырдың 19-да Петропавловскіде тұратын жас адамдар “Менің үмітімнің бұрышы» жобасының пайдасына қайырымдылық кеш өткізді. «Ару» неке қию үйінің жетекшісі Әсем Қасымова, оның әріптестері мен жолдастары өздерінің бизнестерінің жылдығын тек мерекелік шара ретінде өткізіп қоймай, салтанаттың үстінде қайырымдылық жобаға қаражат жинауды шешті.
«Менің үмітімнің бұрышы» жобасы балалық әлеуметтік және медициналық мекемелерге көмек жасауға бағытталған. Петропавловск қаласындағы жобаның бенефициары мамандандырылған перзентхана. Бұл перзентханадағы 66 тәрбиеленушінің ішінен тек 5-уін ғана толық сау деуге болады. Осы жоба шектеуінде физиотерапия кабинетіне жабдықтар сатып алу үшін қаражат жинап алу жоспарланып отыр. Орталық және перифериялық жүйке жүйелерінің патологиясында жасалатын физиопроцедура өте ықпалды құрал болып табылады. Осындай емдік шаралар өткізу балалардың денсаулықтарын маңызды жақсартады, демек, асырап алуға мүмкіндік болады.
«Ару» неке қию салон әрекетінің алғашқы жылдығына арналған кешке әбден төлем ақысыз әртістер, стилистер мен фотографтар қатысты, және, қатты қаунтатын жағдай, Петропавловск көркемөнер лицейінің жас суретшілері. Шараға барлығы 100-ден астам адам қатысты. Балалық суреттерінің қайырымдылық аукцион барысында және қаражат жинауға арналған бокстарда 394 700 теңге жиналды. Бұл қаражаттың барлығы «Менің үмітімнің бұрышы», Петропавловск жобасын іске асыру негізіне жататын болады. Осы мейірімді істі іске асыру үшін барлығы 1 459 790 теңге жинап алу керек болып тұр. Бұл бастауды тек Солтүстік Қазақстан тұрғындары ғана емес, біздің үлкен еліміздің басқа жерлерінде тұрған мейірімді адамдары да қолдаса екен, деп тілейміз.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/kids-homes-kz/item/1670-news-kz#sigFreeId5e183f7ce0