10 км-ге екінші қайырымдылық BKS жүгірісі Құрама Патшалықтың астанасында – Лондонда өтті. Қашықтық атақты лондондық Гайд паркімен өтті. Жүгіріске қазақстандық дипломаттар, студенттер, және біздің ағылшын жолдастарымыз қатысты. Жарысқа қазір Ағылшында білім алып жатқан бокс бойынша олимпиадалық чемпион Серик Сапиев қатысты. Шара Британ-Қазақ Қоғамымен ұйымдастырылды. Бұл жүгіріс 2014 жылдың қайырымдылық BKS жүгірістері тізімінің тұжырымы болып табылады. Естеріңізге сала кетейік, қыркүйекте Астанада жартылай марафон және Алматыда 10 км шақырымға жүгіріс болып өткен. Осы шаралардың барысында жиналған барлық қаражаттар, шектеуінде Щучинск және Талдықорған қалаларындағы сәбилер үйлердің сенсорлық бөлмелерін жабдықталатын «Доктор бөлмесі» жобасына бағытталады.
Британдар үшін қайырымдылық жүгірістер бұрыннан бері әдетке айналған, ал, Қазақстан үшін бұл іс жаңалық. Британ-Қазақ Қоғамының біздің қорға миссиямызды – біздің елдегі қайырымдылықтың мәдениеті мен дәстүрін қалыптастыруды атқаруға көмек көрсетіп жүргендері жағымды жағдай. Жүлделі орындарды алған спортсмендер жүгірістің ұйымдастырушыларынан медальдер мен шамалы сыйлықтар алды – Лондондағы мейрамханада екі адамға кешкі тамақтану, Ritz Carlton Almaty отеліндегі spa процедураларына сертификат, Алматыдағы кулинарлық Compote студиясына сертификат және Langham London отеліндегі Afternoon Tea-ға сертификат. Қола медальдер алған спортсмендер міндетті жарнасыз 2015 жылдың жүгірісіне қатыса алады.
Шара 259 000 теңге жинауға көмектесті. Үш BKS жүгірістерінің тұжырымы бойынша «Доктор бөлмесі» жобасына 2 739 090 теңге жиналды.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/kids-homes-kz/item/2109-news-kz#sigFreeId383d4c66fb