Бүгін мамандандырылған №1 сәби үйнің территориясында жаңа ойын алаңын ашуының қарапайым рәсімі өтті. Ол күрке-үйшіктен, құмсалғыштан және алтыбақанан тұрады. «Менің балалық шағымдағы» жобаның осы кезеңін іске асыруға қажет қаражаттың жартысы еркіншілер тобы ұйымдастырған «Балаларға қуаныш сыйла» қайырымдылық жәрмеңкесін өткізу кезінде жиналды. Естеріңізге сала кетейік, бұл жәрмеңке 2014 жылдың желтоқсанында MEGA Park ССО-нда өткен. Жәрмеңкенің барысында 462 952 теңге жиналды.
«Балаларға қуаныш сыйла» еркіншілер тобының өкілі бұл жас аналар бірлестігі жеткен жетістіктерінің нәтижесімен тоқталып шектелмейтінін және қайырымдылыққа қатысуды жалғастыратынын айтты. Қазір «Балаларға қуаныш сыйла» тобы қайырымдылықтың жаңа нұсқасын іздеуде және оның барысында жиналған қаражатты бағыттауды жоспарлайтын жоба таңдалуда. Біздің қор еркіншілер тобына үлкен ризашылығын білдірді және өз қамқорындағыларының атынан оларға алғыстарын сыйлады. «АЯЛА» қайырымдылық қоры «Балаларға қуаныш сыйла» жас аналар тобын мақтан етеді. Біз алфавит тәртібімен осы еркіншілер бірлестігінің барлық қатысушыларын атап шығайық: Әйгерім Беғалыкызы, Әйгерім Джаббарбергенова, Айнұр Мақажанова, Әлия Мұкқатаева, Бақыт Уалиева, Динара Ярулина, Жанар Ашимова, Индира Қасымова, Камила Абдрахманова, Мадина Төлегенова, Мақпал Испаева, Медина Тлеуғазы, Меруерт Джанбакиева, Наргиз Мусаева, Светлана Анисимова.
№1 сәби үйінің бас дәрігері Жазира ЕМБЕРДИЕВА былай деді: «Біздің балалар үшін таза ауадағы серуендер өте маңызды және жаңа алаң бұл серуендерді түрлендіреді және пайдалы қылады. Барлық біздің қызметкерлер, міне, бірнеше жыл қатарынан бері біздің перзентхана алып келе жатқан көмектері үшін «АЯЛА» қорына өте риза. Емдік дене шынықтыру үшін сенсорлық бөлме, физиотерапия аппараттары және жабдықтар бізге балалармен жұмыс істеуде көмектеседі. Қазір біздің перзентханада 32 тәрбиеленуші жатыр, оның 26-сының отбастарға баруларының мүмкіндіктері бар. Ал оны қиындататын тек, асырап алуға болатын балалардың көбінің неше түрлі аурулары бар».
№1 сәби үй үшін «Менің балалық шағымдағы аула» жобасына барлығы 1 042 500 теңге бағытталды. «Менің балалық шағымдағы аула» жобасының бар 8 жыл арасында «АЯЛА» қайырымдылық қоры Қазақстанның барлық түкпіріне 39 балалық ойын және спорттық алаң салды. Бұл алаңдар интернатарда, балалық санаторияларда және ауруханаларда, перзентханаларда, сауықтыру орталықтарында және басқа балалық әлеуметтік мекемелерде орнатылған. 80 млн. теңгеден астам «Менің балалық шағымдағы аула» жобасына бағытталған.
Алаңды ашу рәсімінде перзентхананың шамасымен барлық қызметкерлері болды. Тартылған лента кесілгеннен киін дәстүрлі қазақи ырымы «Шашу» болды. Біздің шараға біз жаңа серіктестер «Производственный комплекс «Аврора» ЖШС-ын шақырдық. Бұл компания залалсыздандырушы құралдарды өндірумен айналысады. Перзентханаға қажетті санда залалсыздандыру құралдары тапсырылды. Медициналық мекемелерінде, әсіресе, балалықта, залалсыз тәртібін сақтау өте маңызды. Перзентханада балалар тұрады, тамақтанады және медициналық процедуралар алады ғой.
«Производственный комплекс «Аврора» ЖШС-да қолданатын қайырымдылық нұсқасы ақырғы жылдары көпке таралып келеді. Қайырымдылық көмек ретінде көптеген компаниялар өз өнімдерін пайдаланады, ал, «Производственный комплекс «Аврора» ЖШС орынында, бұл ерекше маңызды, себебі, бүгін №1 перзентханаға тапсырылған барлық өнім Қазақстанда жасалған.
View the embedded image gallery online at:
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/kids-homes-kz/item/926-news-kz#sigFreeIdca255eb63c
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/kids-homes-kz/item/926-news-kz#sigFreeIdca255eb63c