Осылай біздің жаңа жобамыз аталатын болды. Осы жобаны іске асыру үдерісінде біз Алматы каласынан мыңдаған километр қашықта орналасқан Қостанай облысындағы Сарыкөл ауылына көмек көрсетіп жүрміз. Біздің қорымыз бала бақша жөндеуге 7 500 000 теңге бөліп еді, бірақ ғимараттың жағдайы өте нашар екен. Әрине, бөлінген ақша күрделі жөндеуге жететін емес. Сондықтан, жөндеуді аяғына жеткізу үшін тағы қоса 4 000 000.
теңге Сарыкөлге аудару керек, деп шештік. «АЯЛА» қоры, одан басқа, тағы, осы ауылдағы тұрған аудандық орталық ауруханасына да көмегін аямауға бел буды. Өмірлік қажетті аппараттармен аурухананы жабдықтау жобасы 30 000 000 теңгеден астам болады. Осы жобамызды орындауға біз өз еліміздің барлық, әсіресе Костанай облысынан шыққан тұрғындардан көмек сұраймыз.
http://ayala-story.kz/redesign2/index.php/kz/portfolio-kz/kindergartens-kz/item/1036-news-kz#sigFreeIde517478c3f